Forbes әлемдегі ең табысты футболшылардың тізімін жариялады

Forbes әлемдегі ең табысты футболшылардың тізімін жариялады
Фото: sportbox.ru

Forbes журналы биыл ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімін жариялады. 

2018 жылдың маусым айынан биылғы маусым айына дейін 127 миллион долларға қалтасын қалыңдатқан "Барселона" ойыншысы Лионель Месси аталмыш тізімде көш бастаған. "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду 109 миллион доллармен тізімде екінші тұр. Үздік үштікті "ПСЖ" шабуылшысы Неймар 105 миллион доллармен қорытындылаған. 

Әлемдегі қалталы спортшыларының тізімі: 

1. Лионель Месси (Аргентина, футбол) – 127 миллион доллар (92 миллион – жалақы + 35 миллион – жарнама);
2. Криштиану Роналду (Португалия, футбол) – 109 (65+44) миллион доллар;
3. Неймар (Бразилия, футбол) –105 (75+30) миллион доллар;
4. Сауль Альварес (Мексика, бокс) – 94 (92+2) миллион доллар;
5. Роджер Федерер (Швейцария, теннис) – 93,4 (7,4 + 86) миллион доллар;
6. Рассел Уилсон (АҚШ, америкалық футбол) – 89,5 (80,5+9) миллион доллар;
7. Аарон Роджерс (АҚШ, америкалық футбол) 89,3 (80,3+9) миллион доллар; 
8. Леброн Джеймс (АҚШ, баскетбол) — 89 (36+53) миллион доллар;
9. Стефен Карри (АҚШ, баскетбол) — 79,8 (37,8+42) миллион доллар;
10. Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол) — 65,4 (30,4+35) миллион доллар;
...44. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед") – 33 миллион доллар;
46. Андрес Иньеста ("Виссел Кобе") – 32,5 миллион доллар;
53. Алексис Санчес ("Арсенал") – 30,8 миллион доллар;
55. Килиан Мбаппе ("ПСЖ") – 30,6 миллион доллар;
57. Месут Озил ("Арсенал") – 30,2 миллион доллар;
66. Оскар ("Шанхай СИПГ") – 29 миллион доллар;
75. Антуан Гризманн ("Атлетико") – 27,7 миллион доллар;
79. Гарет Бэйл ("Реал") – 27,1 миллион доллар;
98. Мохаммед Салах ("Ливерпуль") – 25,1 миллион доллар

Т. Раушанұлы