- Негізгі бет
- Әлемтану
- Динозаврлар жойылуының себебі...
Динозаврлар жойылуының себебі астероид емес
Қазіргі жаһандық жылыну ғаламшарымыздың басты проблемаларының бірі болып отыр. Бүгінге дейін 300 миллиард тоннадан астам еріген мәңгі мұздар планетамыздағы теңіз деңгейін 1 см-ге көтерген. Бір қарағанда бұл айтарлықтай көрсеткіш емес сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ осы 1 см-дің өзі теңіз жағалауындағы кейбір елді мекендер үшін апат әкелген.
Жер бетіндегі климат өзгеруі бірінші рет болып тұрған жоқ. Зерттеушілердің айтуынша әлем жаратылғалы климат бірнеше рет өзгеріске ұшыраған
Бұл тұжырымды ежелгі моллюскалардың қабыршақтанған қабықтарын зерттеген Мичиган университетінің мамандары айтты. Ресми теория бойынша, осыдан 65 миллион жыл бұрын құлаған алпауыт астероид салдарынан Жер бетінде 130 метр тау жынысы балқыған. Артынша он шақты метрді құрайтын цунами көтеріліп, толқын жолындағының бәрін жалмап өтті. Нәтижесінде атмосфераға үлкен күйік бұлты түзіліп, күннің сәулесін жауып қалған. Осының салдарынан Жер бетінде жарты жылға созылған қараңғылық орнап, қышқыл жауын-шашын жауған. Ғалымдардың пікірінше, климаттың өзгеруі динозаврлардың Жер бетінен жоюылуына себеп болды.
Бірақ басқа бір теория бойынша, динозаврлар 66 миллион жыл бұрын басталып, миллион жыл бойы жалғасқан жаппай жанартау атқылауынан да жойылуы мүмкін. Жанартау атқылауы көміртегі диоксидінің көп мөлшерде жиналуына әкеліп соққан, нәтижесінде бірқатар тірі тіршілік иелерінің жойып жіберген.
Сонымен, Жер бетіне ажал сепкен Чиксулуб астероиды бұдан 65 миллион жыл бұрын құлағанға дейін де динозаврлардың өмірі мәз емес еді.
Жер атмосферасында сынап қайдан пайда болды?
Nature Communications журналы Жерге диаметрі үш шақырымдық астероид құлағанға дейін миллион жыл бұрын күшті жанартау атқылауының басталғанын жазады. Ғалымдардың пайымдауынша, лава планетадағы тіршіліктің төрттен үшін құрайтын апатты оқиғаның әсерін күшейткен. Мичиган университетінің мамандары әлемнің түкпір-түкпіріндегі ежелден келе жатқан моллюскалардың құрамын зерттей келе, сынап пен көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылағанын тіркеген. Ең қызығы, жанартау атқылауы миллион жылға созылған.
Ұзаққа созылған жанартау атқылауының нәтижесінде көп мөлшерде улы микроэлемент – сынап мұхит суына қосылған. Құрлық пен мұхиттағы улы элементтердің көп шоғырлануы климат пен қоршаған ортаға қатты әсер еткен. Зерттеу барысында сарапшылар Үндістанда, Ливияда, Мысырда, Швецияда, АҚШ-та, Антарктидада жиналған моллюскалардың қабығындағы көмірқышқыл газы мен сынаптың мөлшерін өлшеген. Нәтиже климаттың кенеттен жылынуы динозаврлардың жаппай жойылуынан шамамен 250 мың жыл бұрын болғанын көрсетті.
Сонымен динозавлар астероид құлағанға дейінде жойылудың аз-ақ алдында тұрған. Бірақ Жер бетіне алып тастың құлауы бұл үдерісті тездеткен.
Т. Раушанұлы