Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Грета Тунберг Нобель сыйлығына балама марапат алды

Грета Тунберг Нобель сыйлығына балама марапат алды

Грета Тунберг Нобель сыйлығына балама марапат алды

Швециялық экобелсенді Грета Тунберг “Салауатты өмірді қолдағаны үшін” берілетін сыйлық иегерлерінің бірі болды. Бұл сыйлықты кейде “Нобель” сыйлығының баламасы деп те атайды. Марапаттау рәсімі 4 желтоқсанда Стокгольмде өтті.

Бойжеткеннің өзі салтанатты рәсімге қатыса алмады, өйткені ол қазір Мадридте өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияға қатысып жатыр. Алайда Тунберг салтанатқа қатысушыларға үндеу жолдаған.

Тунбергтің орнына аталған сыйлықты Fridays for Future жастар қозғалысы мүшелері алған. 

“Күрес жалғасып жатыр, біз ешқашан тоқтамаймыз” деп айтқан Грета өз үндеуінде. Сонымет қатар ол бұл сыйлықты күтпегенін айтады. Twitter әлеуметік желісінде: "Бүгінгі кеште мен үшін осындай сыйлық алу құрмет" деп жазды.

Сыйлыққа қосымша 1 миллион крон (105 мың доллар) қоса беріледі. Лауреаттар бұл қаражатты қоғамдық жұмыстарға жұмсауы керек. 

“Салауатты өмірді қолдау” сыйлығы жыл сайын Нобель сыйлығы елемеген жеке тұлғалар мен ұйымдарға маңызды қызметі үшін беріледі.

Тунбергпен қатар, марапатты құқық қорғаушы Аминату Хайдар, қытайлық адвокат Го Цзянян және үнді қозғалысының белсендісі, бразилиялық бақсы Дэви Копенава алды.

Айта кетейік, Грета Тунберг – экологиялық проблемалар мен климаттың өзгеруіне қарсы күрескерлердің ең танымалы. 2018 жылы бойжеткен Стокгольм парламенті ғимаратының алдында наразылық білдіру үшін әр жұмадағы сабағына қатыспаған. Бұл әлемдегі мыңдаған жастарды шабыттандырған және Fridays for Future (“Болашақ үшін сарп етілген жұма”) халықаралық ұйымының құрылуына себепші болды. 2019 жылы тамызда бойжеткен Нью-Йорктегі БҰҰ-ның климат саммитіне қатысу үшін Атлант мұхитын желкенді кемемен жүзіп өткен. Саммитте қызу сөйлеген сөзінде ол адамзат экологиялық апат пен жаппай қырып-жоюдың алдында тұрғанын және саясаткерлер тек ақша мен экономикалық өсім туралы ертегіге ғана алаңдайтынын айтқан.

0
Рейтинг: +0

Фото: bernerzeitung.ch
Қосылған күні: 05 желтоқсан 2019, 11:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.