Ғалымдар адамзатқа төнетін жаңа қауіп барын ескертті

Ғалымдар адамзатқа төнетін жаңа қауіп барын ескертті
Фото: ibtimes.co.uk

Аустралияның Монаша университеті ғалымдары жаһандық жылыну мен жоғары температура азық-түлік жетіспеушілігі және көптеген жұқпалы аурулардың туындауына себеп болады деп мәлімдеді. 

Ыстық ауа райы асқазан-ішек ауруларын тудырады да, асқорыту жүйесінің бұзылуына алып келеді. Бқдан бөлек күннің қатты ысып кетуі тәбетті төмендетіп, азық-түлік сатып алмау, тамақ дайындамау сезімін тудырады екен. 

Ғалымдардың есептеуінше, әлем бойынша азық-түлік өндіру 3,2 пайызға азаяды да, 2050 жылға қарай аштық зардабынан 30 мыңға жуық адам қайтыс болады. 

Айта кетейік осыған дейін егер адамзат алдағы 17 жыл ішінде жер бетіндегі ауа-райына деген көзқарасын өзгертпесе, Жер атмосферасындағы өзгерістерді кейін тоқтата алмай, ауаның орташа температурасы +2 градустан асып кетуінің алдын алу мүмкін емес болып қалатындығы туралы жазған едік.

Т. Раушанұлы