Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Ғарышқа ұшуды ұйғарған миллиардер бизнесінен бас тартты

Ғарышқа ұшуды ұйғарған миллиардер бизнесінен бас тартты

Ғарышқа ұшуды ұйғарған миллиардер бизнесінен бас тартты

Жапониялық миллиардер Юсаку Маэдзава Zozo киім-кешек, аяқкиім және аксессуарлар онлайн-ретейлерінің акцияларын сататын болды. Сатып алушы компания “Yahoo Japan”. Екі жақтама келісім бойынша  Zozo-ның құны 3,7 миллиард долларға бағаланған. 

Маэдзава өз үлесінің 30,4 пайызын сатады. Осы уақытқа дейін оған 36,8 пайыз тиесілі болатын. Бұдан бөлек, келісім бойынша, ол компания директоры лауазымынан да кетеді. 

Мансабын диск сатудан бастаған миллиардер  

Юсаку Маэдзава 1975 жылы Жапонияның Камагая қалашығындағы есепші жанұясында өмірге келген. 1991 жылы мектепте жүріп-ақ Switch Style рок тобын құрып, өзі сол топта барабаншы болған.  Оқуды тәмамдағасын, АҚШ-қа барған. Ол жерде танымал әншілердің CD-дисктерін коллекция етіп жинаған. 

1995 жылы Юсаку отанына бизнес бастау идеясымен қайтып келген. Осылай музыкалық дисктерді поштамен жеткізіп беретін компанияның негізін қалайды. 1998 жылы 22 жастағы болашақ миллиардер Start Today фирмасын ашқан. Фирма интернет тапсырыстар негізінде танымал әншілердің компакт-дисктерін сатумен айналысады. Бірнеше жылдан соң жас кәсіпкер Zozotown деп аталатын киім-кешек сататын интернет-дүкеннің негізін қалайды. Алғашында компанияда 4 адам жұмыс істесе, бүгінде олардың саны – 900. Zozotown – Жапониядағы ең танымал киім-кешек саудасымен шұғылданатын компанияның бірі. 

Forbes мәліметтеріне қарағанда Маэдзаваның жалпы байлығы 3 миллиард доллар болып, Жапониядағы бай адамдар тізімінде 18-орынды иеленген.  

Жан-Мишел Баскияның "Атауы жоқ" картинасы мен Юсаку Маэдзава

Өнер жанкүйері  

Маэдзава отанында қайырымдылық шараларын өткізумен танылған адам. Ол 2003 жылы футболка сатудан түскен барлық ақшаны қайырымдылық қорына өткізген. Сонымен бірге, өзі туып өскен Тиба префектурасына стадионды жөндеуден өткізу үшін 1 миллион доллар бөлген.  Бір ерекшелігі оның компаниясындағы қызметкерлер күніне 6 сағат жұмыс істейді. Кәсіпкердің айтуынша, бұл қызметкерлердің жанұясына көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді екен. Маэдзава өнерді қатты жақсы көреді. Ол 2012 жылы заманауи өнер қорын құрған. Юсаку әр жылы 20 жастан 35 жасқа дейінгі талантты жастарды ынталандыру үшін 15 мың доллар бөліп отырады. Миллиардер жас суретші мен музыканттарға арнап гранттар тағайындайды. Туған жерінде мұражай ашуды да жоспарлап отыр.  

КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?

Ол 2016 жылы Жан-Мишел Баския мен Пабло Пикассо картиналарын сатып алу үшін 80 миллион долларын сарп еткен. 2017 жылы болса Жан-Мишел Баскияның "Атауы жоқ" картинасын 110,5 миллион долларға сатып алып, айды аспанға бір-ақ шығарды. 

Алғашқы ғарыш саяхатшысы  

Ғарышқа саяхат Маэдзаваның пікірінше, көңіл көтеру емес, керісінше арт-жоба. Бұл өнер адамдарын шабыттандырады деп отыр. Миллиардер Big Falcon зымыранында өзімен бірге ұшатын суретші, фотограф, режиссер, модельер және архитекторлар үшін сегіз орын алып қойған.  Маэдзава жерге оралғаннан соң өнер адамдары саяхат әсерінен түрлі туынды тудыратынына сенеді. Ол саяхат үшін қанша төлегені туралы ашып айтқан жоқ. Бұдан бұрын билет құны 35 миллион доллар болатыны болжанған еді. Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Илон Маск SpaceX компаниясы тарапынан жобаланып жатқан BFR зымыранында Айға саяхаттайтын алғашқы турист жапон миллиардері Юсаку Маэдзава болғаны туралы жазған едік.

0
Рейтинг: +1

Фото: ria.ru
Қосылған күні: 13 қыркүйек, 17:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.