Өсімдіктердің азаюы 350 есе жылдамдаған

Өсімдіктердің азаюы 350 есе жылдамдаған

Қазіргі уақытта ғаламшарымыздағы өсімдіктердің азаюы бұрынғыға қарағанда 350 есеге жылдамдаған. Бұл туралы Тюмень мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі 28 тамызда ұлттық ғалымдардың баяндамасына сүйеніп хабарлады.

Зерттеу аясында Австралия, Испания, АҚШ, Франция және Оңтүстік Африканың жетекші ғылыми орталықтарының ботаниктері өсімдіктердің жойылу себептерін зерттеген.

Биоалуантүрлілік тұрғысынан ғаламшардың бай (hotspots) және нашар (coldspots) аумақтарында жойылып бара жатқан түрлер зерттелген. Зерттеу барысында биоәртүрлілігі жоғары аудандарда өсімдік түрлерінің жойылу процесі күшейе түскені анықталған.

"Өсімдіктердің азаюы экожүйе үшін апатты жағдайларға, өсімдікпен қоректенетін жануарлар мен жәндіктердің жойылып кетуіне алып келуі мүмкін" дейді ғалымдар.

Сондай-ақ, өсімдіктер мен жәндіктердің жоғалуына – синтетикалық пестицидтер мен тыңайтқыштар, биологиялық факторлар және қоршаған ортаның ластануы, ауа райының өзгеруі себеп болып жатыр. Ауа райының өзгеруі әсіресе тропикалық аймақтарда маңызды. Дегенмен,өсімдіктер мен  жәндіктердің жойылуының негізгі себебі ауыл шаруашылығы болып табылады.

Айта кетейік, жәндіктер – өсімдіктердің қоректік тізбегі мен тозаңдануындағы маңызды буын саналады. Олардың санының азаюы экожүйенің апатқа ұшырауына әкеледі. Еуропада 30 жылдан астам уақыт ішінде жәндіктердің саны 80 пайызға азайып, құстар папулациясының 400 миллионға жуығы жойылып кеткен.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты