Гренландия мұздығы ерісе не болады?

Гренландия мұздығы ерісе не болады?

Солтүстік Африкадан Еуропаға келген ыстық қазір Гренландияға қарай бет алды. Дүниежүзілік метеорологтар мен климатологтар аномалды ыстық салдарынан Гренландия мұздықтары еріп, құрлық мұз қалқанынан біртіндеп айырылып жатқанын алға тартады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

"Біздің зерттеулеріміз алаңдауға негіз болып отыр. Ауа ағымы ыстық ауа райын Гренландияға қарай алып бара жатыр", - дейді Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның өкілі Клерон Нуллис Женевада өткен БҰҰ брифингінде.

Нуллистің айтуынша, ыстық ауа райы 2012 жылдағыдай мұздардың жедел еруіне себеп болуы мүмкін.

"Егер Кәрі құрлықтағы ыстық Гренландияға баратын болса, мұздықтар жылдам ери бастайды, біз оның қаншалықты тез болатынын және 2012 жылдағыдай көп мұздың еритінін әзірге біле алмаймыз", – дейді Нуллис. 

©flickr.com

Алдын ала анықталғандай, шілде айының өзінде Гренландия мұз қалқанының 160 миллирад тонна мұзы еріп кеткен. Салыстыру үшін айтатын болсақ – бұл көлемі "Астана арена" стадионындай 160 миллион бассейнге тең. 

Айта кетейік, Гренландия мұздығының қалқаны құрлықтың 80 процентіне тең. Бірнеше мыңдаған жыл бойы қар қабаттарының мұзға айналуынан пайда болған. Ең негізгісі, аталмыш мұздық әлемдегі экожүйенің маңызды бір бөлігі саналады. 

Мұздың биіктігі 3 мың метрге дейін жетеді. Барлық мұздың жиынтығы 2,9 миллион куб метр. Егер оның барлығы ерісе теңіз деңгейі 7 метрге дейін көтеріледі. Бұдан бөлек, Гренланлия мұздығы Күн сәулесін шағылыстырып, ғарышқа қайтарады. Осылай ғаламшарымызды ысып кетуден сақтайды. 

Антарктиданың ең үлкен мұздығы ерісе...

Ғалымдардың пайымдауынша, жедел шара қолданбаса, 1,5 жылдан кейін бұл апаттың алдын алу мүмкін болмай қалады. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Галстук эволюциясы
Галстук эволюциясы
Журналистика: IT университетіне қалай оқуға түсуге болады?
Журналистика: IT университетіне қалай оқуға түсуге болады?
Әлемдегі ең үлкен көлік
Әлемдегі ең үлкен көлік
Әлемдегі алғашқы мұзжарғыш яхта жасалды
Әлемдегі алғашқы мұзжарғыш яхта жасалды