Аустралия азаматы 100 мың долларлық алтын тауып алды

Аустралия азаматы 100 мың долларлық алтын тауып алды
Фото: moya-planeta.ru

Аустралиядағы Батыс Аустралия штатының алтын іздеушісі құны 100 мың долларлық алтын тауып алған. Бұл туралы жергілікті  West Australian сайты мәлімдеді.

Атын құпия ұстаған азамат металлодедектордың көмегімен салмағы 1,4 келі келетін алтын тапқан. Оны Finders Keepers Gold Prospecting алтын дүкеніне алып барғанда, Кук есімді дүкен иесі алтынды 100 мың долларға бағалаған.

Жалпы Аустралия жерінде мұндай алтындар жиі табылып тұрады. Алтын іздеушілер әсіресе Виктория штатындағы Балларт қаласына ағылып барады. Себебі осыған дейін аустралиялық алтын іздеуші ол жерден салмағы 5,5 келі келетін алтын тауып алған. Саф алтын 315 мың долларға бағаланған. Баллартта алтын іздеушілер 162 жылдан бері тынымсыз еңбектеніп келеді.

Т. Раушанұлы