Пластикті алмастырған капсула

Пластикті алмастырған капсула

28 сәуір күні Лондон қаласында 40-шы Лондон марафоны (Virgin Money London Marathon) өтті. Әлемдегі ең ірі бұқаралық марафонға айналған бұл спорт шарасына 42 мыңнан аса адам қатысқан.

Марафонға қатысатын атлеттердің саны мен қатар сапасы да биік деңгейде. Лондондағы жарысқа әлемдегі кәсіби марафоншылар жиі қатысады. Арасын ұзатпай марафонның өз рекорды да, әлемдік рекордтар да жаңарып тұрады, мысалы кениялық желаяқ, қазіргі 42 километрлік марафонның рекорд иесі Элиуд Кипчоге биылғы Лондон марафонына қатысып, толық марафон дистанциясын 2 сағат, 2 минут, 37 секундта жүгірді. Осылайша марафонның өз рекордын жаңартты. Әлемдік марафон рейтингінде де рекорд 33 жасар Кипчогеге тиесілі, ол былтыр ғана Берлин марафонында 2:01:39 уақытта жүгіріп шығып, отандасы Деннис Киметтоның көрсеткішін жаңартты. Ал әйелдер арасындағы рекорд Лондон марафонында орнатылған еді. 2003 жылы ұлыбританиялық Пола Рэдклифф 42 шақырымды 2 сағат, 15 минут 25 секунд ішінде жүгіріп шықты. Алайда марафон әлем назарын тек спорттық көрсеткішпен емес, жаңа инновациялармен де баурап алды. Биыл Лондон марафонында алғаш рет пластик бөтелкедегі су орнына теңіз балдырынан жасалған су капсулаларын таратты. Осылайша, марафон ұйымдастырушылары пластиктен бас тарту тенденциясына үлес қосып, марафон кезінде жиналып қалатын пластик бөтелке қалдықтарының алдын-алған екен.

2018 жылы Лондон марафонында 920 мыңға жуық пластик бөтелке қолданылған екен және жер-жерде шашылып жататын бөтелкені жинаудың өзі біраз уақыт алады. Бір күнде жаппай қолданылған бөтелкелерді қоқысқа кетеді деп есептесек, бір пластиктің ыдырауына 450-1000 жыл керек екен.

Ұйымдастырушылар биыл пластик үйіндісінің орынына теңіз балдырынан жасалған су капсуласын қолданған. Касула стартабының басшысы Родриго Гарсия Гонсалес: "Біздің мақсатымымыз – пластик қаптамаға деген қажеттікті жою. Марафон – біз үшін үлкен қадам. Болашақта бұл жобамыз бұдан да үлкен ауқымда пайдаға асады деп сенеміз", - дейді.

Теңіз балдырынан жасалған Ooho атты капсуланың ешқандай дәмі жоқ және ағзаға оңай сіңіп кетеді. Сыртын лақтырып тастауға да болады, себебі бұл өнертабыс – экологиялық таза өнім.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар