Әлемдегі ең қауіпсіз елдер. Қазақстан қай орында?

Әлемдегі ең қауіпсіз елдер. Қазақстан қай орында?
Фото: pixabay.com

Global Finance журналы әлемдегі ең қауіпсіз елдердің рейтингін жариялады. Көш басында Исландия мемлекеті тұр. Ал Қазақстан 44-орынға жайғасқан.

Әлемдегі қауіпсіз елдердің рейтингі түрлі факторлар негізінде түзілген. Оның ішінде әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, экономикалық өсуі мен халқының қауіпсіздігі басты назарға алынған.

Басылым рейтингі бойынша Исландия әлемдегі ең қауіпсіз ел саналды. Сондай-ақ алғашқы үштікке Швейцария мен Финляндия енген. Одан кейінгі орындарға Португалия, Австрия, Норвегия, Катар, Сингапур, Дания мен Жаңа Зеландия елдері орналасқан. Рейтингке барлығы 128 мемлекет енген.

Қазақстан қауіпсіз елдер тізімінде 44-орынға табан тіреген. Көрші елдер арасында Қытай - 81, Қырғызстан - 89, Ресей 108-ші орында тұр. Ал Өзбекстан мен Түрікменстан тізімге қосылмаған.

Н. Үсенова