Жаңа рекорд. Instagram-да ең көп лайк жинаған пост

Жаңа рекорд. Instagram-да ең көп лайк жинаған пост
Фото: instagram.com/world_record_egg/

Бүгін, 14 қаңтар күні, Instagram әлеуметтік желісінде ең көп лайк жинаған пост жаңарды. Пост @world_record_egg атты қолданушыға тиесілі. 4 қаңтар күні жарияланған жай ғана жұмыртқаның суреті бүгінде 25 миллионнан аса лайк жинап, @kyliejenner атты қолданушының рекордын жаңартты. Лайк саны әлі де көбейіп жатыр.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Let’s set a world record together and get the most liked post on Instagram. Beating the current world record held by Kylie Jenner (18 million)! We got this ???? #LikeTheEgg #EggSoldiers #EggGang

Публикация от EGG GANG ???? (@world_record_egg)4 Янв 2019 в 9:05 PST

"Бәріміз бірге жаңа әлемдік рекорд орнатып, Instagram-дағы ең көп лайк жинаған пост етейік. Кайли Дженнердің рекордын (18 миллион) бұзайық! Біз бұған жетеміз!", - делінген постта.

Осы уақыт ішінде парақшаға 2 миллионнан аса адам жазылған.

Бұған дейінгі рекорд америкалық модель Кайли Дженнерге тиесілі еді. Оның сәбиінің суреті әзірге 18 миллионнан аса лайк жинаған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

stormi webster ????????

Публикация от Kylie (@kyliejenner)6 Фев 2018 в 1:14 PST

Massaget.kz