Жаңа Зеландияда "Жыл құсы 2018" байқауын мас Кереру жеңіп алды

Жаңа Зеландияда "Жыл құсы 2018" байқауын мас Кереру жеңіп алды
Фото: facebook.com

Жаңа Зеландияның жергілікті тұрғындары "жыл құсын" анықтады. Жылда дәстүрлі түрде өткізілетін бұл байқаудың биылғы жеңімпазы, жемістермен қоректеніп мас болып қалатын – Кереру (Жаңа Зеландиядағы жеміс-жидектермен азықтанатын көгершін) құсы болып табылды. 

Аралда құстардың жоғалып кетуіне алаңдаған жергілікті тұрғындар, бұл байқауды жылда өткізуді дәстүрге айналдырған. ВВС мәліметтерінше, ол жердегі құстардың 80 пайызына жоғалып кету қаупі туындап тұр. 

Ал кереру құсы құрамында алкоголі бар жемістерді жеуді жақсы көреді екен. Сондықтан, ол, мас боп қалып, кейде өз-өзін басқара алмай, күтпеген жеден үй терезелеріне соғылады, ағаштардан құлап түседі кейде жерде жатып та ұйықтай береді екен. 

"Осындай келеңсіздіктерге қарамай оларды барлығы жақсы көреді", – дейді табиғатты қорғау ұйымының маманы Меган Хабшер.

Т. Раушанұлы