Пәкістан шаруаларына 5 миллион смартфон беріледі

Пәкістан шаруаларына 5 миллион смартфон беріледі
Фото: 4.bp.blogspot.com

Пәкістан Үкіметі фермерлерге 5 миллион смартфон береді. Оның көмегімен фермерлер ауа райын қарап, ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері туралы кеңестер ала алады.

Мобильді телефондардың бірінші партиясы қазан айында жеткізіледі. «Фермерлер өнімділікті арттыру үшін пестицидтерді қалай пайдалануға болатыны жайлы тегін хабарламалар ала алады», - деп мәлімдеді Ақпараттық технологиялар кеңесінің төрағасы Умар Саиф.

Ол смартфондар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге Пәкістанның метеорологиялық бөлімі қатысқанын қосты, сондықтан фермерлер тұрақты түрде ауа райын бақылай алады.

Бұдан басқа, смартфондар көмегімен олар мемлекеттен пайызсыз несие ресімдейді және үкімет бұдан бұрын бекіткен несие беру тәртібімен танысуға мүмкіндік туды.

Дереккөз: inform.kz

B. ZHAQSYMBET