Саяхаттауға арналған кеңестер

Саяхаттауға арналған кеңестер
Фото: Lantur | Туристический портал

Егер шетел асып саяхаттап немесе алыс жерге сапар шегетін болсаңыз, төмендегі кеңестерге  міндетті түрде құлақ асыңыз.

1. Әуе рейсіне немесе қонақ үйге онлайн тапсырыс жасағанда «инкогнито» режимін пайдаланыңыз. Себебі брондау сайттары кіріп-шығушыларды бақылап, сіздің сайтқа кіргеніңіз үшін төлем ақыны асырып жіберу мүмкін.

2. Қуаттағыш пен құлаққап секілді кішігірім заттарды көзілдірік қорабына салып қойсаңыз болады.

3. Чемоданға бүктеліп салынған киіміңіздің жаңа қалпында тұрғанын қаласаңыз, онда оның қасына әтірлі майлықты салыңыз.

4. Қағаз қыстырғыш ұстараның жүзін зақымдаудан сақтайды.

5. Егер телефон қуаттағышын ұмытсаңыз, теледидар тоғымен қуаттандырсаңыз болады.

6. Киімді чемоданға бүктеп емес, орап салған дұрыс. Бұл чемоданға артық бос кеңістік береді.

7. Дәрі салғыш – майда-шүйде керек-жарақты салғанға ең ыңғайлы зат.

8. Сапарға шығар алдында құжатарыңыздың барлығын сканерлеп алыңыз. Бұл сізді тонап немесе жүгіңізді жоғалтып алған жағдайда құтқарады.

9. Сабын, кір езгіш сияқты гигиеналық затты аузы жабық сөмкеге салу керек.

10. Ұшатын кезіңізде ұялы телефонды "ұшақта" режиміне қоюды ұмытпаңыз. Бұл тез қуатталуын және қуаттың ұзақ уақытқа жетуін қамтамасыз етеді.

11. Ұшаққа тапсырыс берген кезде орынды қанатына жақын орналасқан жерден алыңыз. Себебі ол жақта ұшақ тербелісі аз.

12. Ұшаққа билетті сейсенбі күні сағат 15-00-ден кейін сатып алғаныңыз жөн. Әдетте, осы уақытта  әуе компаниялары неше түрлі жеңілдіктер жасайды.

13. Әр түрлі Wi-Fi құпия кодын FourSquare-нің пікірлерінен оңай табасыз.

14. Шетелге шыққан кезде GPS мүмкіндіктерін міндетті түрде пайдаланыңыз.

15. Компания қызметшілері сізідің жүгіңізге ерекше күтіммен қарасын десеңіз, сыртына «сынатын зат» деп жазып қойыңыз. Мұндай жағдайда қызметшілер багажды жоғарғы бөлікке қоюға тырысады.

16. Ақшаңызды үнемдегіңіз келсе,  ақшаны валюта ауыстыру бекетінен емес, банкоматтан алыңыз. Банкоматта курс валютасы арзан болады.

А. Құлтай