Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Ақылға сыймас қымбат дүниелер

Ақылға сыймас қымбат дүниелер

Ақылға сыймас қымбат дүниелер

Әлемдегі үлкен-үлкен өндіруші компаниялар халық жаппай тұтынатын арзан әрі сапалы тауарлар шығару үшін жатпай-тұрмай еңбек етеді. Ал, кейбір өндірушілер еш жерде жоқ жалғыз дана тауар шығарып, санаулы адамдар үшін сатылымға шығарады. Сәйкесінше құны да өте жоғары болады. Әрине бұл тауардың сатып алушысы міндетті түрде табылады. Мысалы, жоғарыдағы шахмат - Чарльз Холландердің шахматы деп аталады. 320 каратты қара және ақ түсті гауһарымен әшекейленген жеті әдемі шахматтың әрқайсысы $ 600 000 тұрады. 

«Le Burger Extravagant» бургері

Бағасы: $ 295

Бургер таза алтынымен қоса сатылады. Сондай-ақ, оның тіс шұқығышы мен әшекейленген гауһары бар.

Ferrari 250 GTO 1962 автокөлігі

Бағасы: $ 35 млн

Ең қымбат автокөлікті Ұлыбританияның жергілікті коллекционерлерінің бірі сатып алған екен.

Женеведағы President Wilson қонақ үйіндегі Royal Penthouse Suite нөмірі

Бағасы: бір түнге $ 65 000

Нөмірде 10 жатын бөлме және 7 хауызды бөлме бар.

PrestigeHD Supreme Rose Edition теледидары

Бағасы: $ 2,3 млн

Теледидардың сырты қолтырауын терісімен қапталып, үстіне гауһар себілген. 

Heintzman Crystal фортепианосы

Бағасы: $ 3,220 млн

Қытайдың Бейжің қаласында жасалып, жергілікті бір адамға сатылған.

Gurkha Black Dragon сигарасы

Бағасы: бір данасы $ 1150

Бұл сигаралар 2006 жылы Гондураста дайындалған. Яғни, сигаралар түйенің сүйегінен жасалып, сандыққа сақталған екен.

Dodge Tomahawk V10 Superbike мотоциклі

Бағасы: $ 700 000

Төрт аяқты мотоциклдің салмағы 680 кг. Мотоцикл 2,5 секундта 0-ден 96 шақырымға дейін 480 км/сағат жылдамдықпен жүре алады.

Chopard  Haute Joaillerie сағаты

Бағасы: $ 25 млн

1907 жылғы Heidsieck Monopole шампаны

Бағасы: $ 25000

90 жылдардың соңында су асты сүңгу тобы теңізге батып кеткен кемені тауып алады. Кеменің ішінен бұл француз шампанының 2000 данасы табылған екен.

«Transmission Audio Ultimate System» аудиожүйесі

Бағасы: $ 2 млн

Авиациялық алюминийден жасалған бұл құрылғының салмағы 5 тонна тартады.

«5 нөмір» картинасы, 1948 жыл

Бағасы: $ 140 млн

Бұл қымбат картинаның авторы – әйгілі суретші Джексон Поллок.

Rhein II (Рейн 2) фотосуреті

Бағасы: $ 4,3 млн

Фотосуретті 1999 жылы неміс фотосуретшісі Андреас Гурски түсірген. Бұл фотосурет Нью-Йорктегі Christie’s бәссаудасында 4,3 миллион долларға сатылған.

«History Supreme» яхтасы

Бағасы: $ 4,8 млрд

Яхтаны жасау үшін 100 000 кг алтын жұмсалған. Яхта динозаврлардың сүйегімен, миниатюралы метеориттармен және басқа да өте қымбат заттармен әсемделген. Яхтаның иесі – малайзиялық бизнесмен Роберт Куок.

Қосылған күні: 12 қаңтар, 11:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.