- Негізгі бет
- LifeStyle
- Абайлаңыз! Ақпанда қай...
Абайлаңыз! Ақпанда қай күндер қауіпті екені белгілі болды
Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.
Сурет: xras.ru
Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, 2024 жылдың ақпан айының көп бөлігі тыныш болады. Суретте байқағаныңыздай, ақпан айында магнитосфера жасыл аймақта тұр. Бұл айда әлсіз белсенділік тек 4 рет байқалуы мүмкін: 5, 6, 25 және 27 ақпан. Ал 26 ақпан күні 4 балға жететін қозу болуы мүмкін.
Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?
Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
- таза ауада жиі серуендеңіз;
- бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
- көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
- қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
- су ішу режимін сақтаңыз.
Оқи отырыңыз: Сүйектер мен буындарға зиян келтіретін әдеттер
А. Жапатова