Ежелгі ем-домның түрлері

Қазіргі уақытта бұл емдік амал-тәсілдерді ешқашан, еш жерде қолданбауларыңызды сұраймыз. Ал өткен тарихымызға сөз берсек, төмендегі әдістер кең қолданыста болған.

Біздің заманымыздағы V ғасырда брит тайпасында емдеуге келмейтін дерті барларға эвтаназияның «біртүрлі» әдісін қолданған екен. Бұл әдіс – ауруды жардан итеріп құлата салу; Бас ауырса, қылмыскерді асқан арқан жіппен басты орап байлайды екен; Джин бастапқы кезде дәрілік сусын болған. Біздің заманымыздың VI ғасырында Үндістанда пластикалық хирургия дамыпты. Ол кезде арнайы мамандар мұрынды жөндеу ісімен айналысқан. Себебі жарының көзіне шөп салған жағдайда Үндістанда мұрынды кесіп тастау жазасы бар еді. Псориаз ауруын ол кезде балықтармен бірге шомылу арқылы кетіретін болған, жансыз қалған теріні балықтар жеп қояды екен. Ежелгі Египетте күйіп қалған теріге алдын ала ешкі қиына малынған бақаны қоятын болған. Англияда таз адамдар өртелген аралардың күлін басқа үйкеген. Құтырғандарды ежелгі Саксонияда дельфин терісінен жасалған қамшымен сабаған екен. Сүлік жинау әдісі де басқаша болған. Жасамыс адам көп сүлік денесіне жабыспайынша су қоймасында отырады. Ықылық ату да кезінде ауру саналған. Ықылық атқан адамның тілін шоқ болып қызған темірмен күйдіретін болған екен.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: otvetkak.ru