Тіс неліктен сарғайып кетеді?

Тіс неліктен сарғайып кетеді?
Фото: pixabay.com

Ақ тіс сұлулықтың және жақсы денсаулықтың белгісі саналады. Ал оның сарғаюы тек эстетикалық емес, психологиялық проблема туғызуы мүмкін. Себебі көпшілік тісінің сары болғанынан ұялып, басқалармен араласуға қиналуы мүмкін. Ендеше, тіс неліктен сарғаяды? Оның қандай себептері болуы мүмкін?

1. Ауыз қуысы гигиенасының дұрыс сақталмауы

Ауыз қуысы гигиенасы дұрыс сақталмаса да, тіс сарғайып кетуі мүмкін. Егер оның себебі осы болса, тісіңізді стомотологқа барып тазартып, ағартқан кезде тістегі өңез кетуі керек.

2. Бояуы көп өнімдер мен сусындарды жиі қолдану

Құрамында бояуы көп тағам мен сұйықтықтар тістегі өңезді бояп тастай алады. Егер тіс бетінде ұсақ жырықтар болса, қатты бояуғыш заттар тереңге еніп, тісті іштей бояуы да мүмкін.

3. Темекі тарту

Тісті темекі сарғайтады.

4. Тісжегінің болуы

Кейде тісжегі сыртқа көрініп тұрмайды. Ол жасырын болуы мүмкін, тістің ішінде орналасқан тісжегі де оның сарғайып көрінуіне әсер етеді. 

5. Тістің физиологиялық түсінің туғаннан сарғыш болуы

Әркімнің эмалінің түсі әртүрлі болады. Кей адамдар тісінің физиологиялық түсі сарғыштау болады.

6. Түпкі каналдарды өте ерте емдеу

Кейде тіс жүйкесін алғаннан кейін ол қараюы мүмкін.

7. Тістің зақымдалуы

Зақым алған кезде тіс ішіндегі жүйке-тамырлы түйін өліп қалады. Сол кезде тіс өзінің жалтырлығын жоғалтып, күңгірттеніп кетеді және сәл қараяды.

8. Үйде сапасыз тіс ағартқыш қолдану

Сертификатталмаған, сапасыз және ғылыми дәлелденбеген тіс ағартқыштарды қолдану эмальді құртады. Мысалы, олар өте агрессивті болуы мүмкін. Сол үшін тіс эмалі сыртқы бояуларға әлсіз бола түседі.

9. Кейбір ағза патологиялары

Мысалы, бауыр немесе бүйрек проблемалары кезінде тіс сарғайып кетеді. Мысалы, бауыр ауруы кезінде тек тіс емес, көздің ағы да сарғайып кетуі мүмкін.

Ескерту: өздігінен емделу қауіпті және диагнозды тек дәрігер қоя алады.

Тіс пастасындағы фтор ағзаға зиян екені рас па?

А. Жапатова