- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ағзаңызда ішек құрттары...
Ағзаңызда ішек құрттары бар екенін қалай білуге болады?
Фото:
ru.freepik.com
Ішек құрттары салдарынан туындайтын ауруды "жуылмаған қол ауруы" деп те атайды. Қолыңызды жиі және ұзақ жуып жүрсеңіз де, кейде базарда жуылмаған жемістің дәмін көресіз немесе аулада жүрген мысықты сипайсыз. Мұның барлығы құрттарды жұқтыру қаупін арттырады. Ағзада ішек құрттары барын қандай белгілерден білуге болады?
Әдетте, гельминттер салдарынан дамитын ауруды гельминтоз деп атайды. Бұл ауру олар ағзаға түсіп, сол жерде оның жұмыртқалары мен дернәсілдері пайда болған кезде дамиды.
Ішек құрттары ағзаға қалай түседі?
- Адам гигиенаны сақтамайды. Ол даладан үйге кірген кезде немесе дәретханадан шыққан кезде қолын жумайды;
- Ол үнемі тырнағын тістеп отырады, заттарды (мысалы, қарындаш немесе қалам) аузына салады, саусағын сорады;
- Сондай-ақ үйде үй жануарлары болса, адамдар жиі гельминтозбен ауырады;
- Жемістер мен көкөністерді дұрыс жумайды;
- Кейде таза болмаса, шикі су да қауіп төндіреді;
- Балық пен етті дұрыс өңдемеу;
- Үйді ылғал тазаламау, үйдің ішінде сыртқы аяқкиіммен жүру;
- Ішек құрттары ағзасында паразиттері бар адамның жеке құралдары арқылы жұға алады.
Ағзада ішек құрттарының бар екенін көрсететін белгілер
- Тік ішектің қышуы;
- Ұйықтап жатып тісті сықырлату;
- Ұйықтап жатқанда ауыздан сілекей ағу;
- Таңертең тіс тазалағанда жүрек айну;
- Аяқ-қол саусақтары терісінің қабыршақтанып түсуі;
- Қарын аша беру;
- Теріге аллергиялық бөртпенің шығуы;
- Созылмалы шаршаңқылық синдромы;
- Терінің қышуы;
- Іштің кебуі, іштің құрылдауы, тұрақсыз нәжіс. Асқазан-ішек жолының кез келген проблемалары;
- Дене массасының аз болуы немесе керісінше, артық болуы;
- Іштің ауыруы;
- Анемия;
- Көз астының қараюы;
- Ауыздан жағымсыз иіс шығу.
Егер сізде немесе балаңызда осы белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, анализдер тапсырып, ішек құрттарын жоятын дәрілер жазып беруін сұраған дұрыс.
Ескерту: өздігінен емделу қауіпті. Диагнозды тек дәрігер қоя алады.
А. Жапатова