Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Көгерген жерлерді емдеу

Көгерген жерлерді емдеу

Көгерген жерлерді емдеу

Әркімнің өмірінде бір рет болса да тайғанап құлап не бір жерге ұрынып, аяқ-қолын көгертіп алған кездері болған. Ауыртып алған жеріңіз көрінетін болса, оны тезірек кетіру сұрағы туындайды.

Жаралар не үшін көгереді?

Гематомалар (көгерген жерлер) - майда тамырлардың үзілуі нәтижесінде қанның тері маңына жиналуы. Қаншалықты қатты көгеруі ағып үлгерген қан мен теріге байланысты болады. Жазылу барысында көгерген жер түсін өзгертуі мүмкін. 

Көгерген жерді қалай емдейді?

Көгерген жер лейкоцит жасушаларының пигменттерді жойған кезде ғана жазылады. Сондықтан көгерген жерді өзіңіз бір сәтте емдей алмайсыз. Алайда дереу қабылданған шаралар көмектесіп, көгерген жердің кетуін тездете алады.

Ұрып алған жеріңізге бірден суық басыңыз. Мұз кесектерін матаға орап, ауырған жерге басқанда, жараланған қан тамырлары жиырылып, қанның ағуына бермейді. Мұзды 10-15 минут ұстаңыз. Бірақ мұзды ашық теріге баспаңыз, тері тым суып, мұздап кетуі мүмкін.

Келесі шараларды жараланған жердің ісігі өткен кезде, бір күннен кейін жасау керек. Қан ағып, лейкоциттер жараға дейін жету үшін көгерген жерге жылы бассаңыз болады. Бірақ көгерген жеріңіз бетте болса, жылытпаған жөн. 

Емделу процессін тездету үшін, С және К дәрумендерін қабылдасаңыз болады. Қызыл түсті жеміс-жидектер көптеп жеңіз.

Көгерген жерді емдеудің ең танымал құралдарының бірі - бодяга шөбі. Дәріханада сатылатын бұл шөптің ұнтағына 2:1 қатынасында су қосыңыз. Емдік ботқаны көгерген жерге жағып, толықтай кепкенін күтіңіз. Артынан сумен жуып жіберіңіз. Есіңізде болсын, бодяга шөбін бет пен көз маңына жақпаңыз. Бұл дерматит не аллергия қоздыруы мүмкін.

Қол-аяқтағы көгерулерден қырмызы (календула) тұнбасы құтқара алады. Оны көгерген жерге жағу керек.

Сондай-ақ ақжелкен (петрушка) не тұрма (редька) ұнтақталған жапырақтарына су қосып, ботқаны жараға жақса болады.

Тағы бір қолжетімді дауа - көгерген жерге йод жағу.

Тұз компрессі де көгерудің кетуін тездете алады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: news.qianyecao.com, zurnal24.si

21371 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 08 ақпан 2013, 13:53
Пікірлер
+0
08 ақпан 2013, 16:18

жүре жүре өзі-ақ кетеді ма мынау қашан көгеріп қалған деп уқалап жібересін де жүре бересін талай доп ойнаймыз деп көгермеген жер қалмады ғо аяқтан :mrgreen:

+0
09 ақпан 2013, 08:42

Көбіне суық басам

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...