Ақпандағы ұйқысыздық

Ақпандағы ұйқысыздық

Ғалымдардың айтуынша ақпан - ұйқысыздық айы.

Ғалымдар жылдың түрлі мезгілдеріндегі ұйқының сапасы жайлы зерттеулер жүргізді. 21000 адам қатысқан тәжірибенің нәтижесі бойынша, ақпан ұйқы үшін ең нашар ай болып шықты. Дәл осы айда ұйқы қанбай жүреді, ұйқының сапсы төмендейді, адамдарды ұйқысыздық мазалайды.

Тәжірибеге қатысқандардың 68%-ы ақпанда күш тапшылығын, шаршағандықты сезінетіні жайлы айтты. Ақпанда адамдар ұйқыға бату үшін орта есеппен 8 минутқа көбірек уақыт құртады, ал түнде ұйқы 10 минутқа үзіледі екен.

Мамандардың айтуынша, ақпадағы ұйқысыздық күн сәулесі мен таза ауаның жетіспеушілігінен болады, сондай-ақ суық ауа-райы мен қаңтарда болған мерекелік демалыс күндерінің биоритмді бұзуы да себеп болуы мүмкін.

Сіз де ақпандағы ұйқысыздыққа шалдықсаңыз, мына кеңестерге жүгініп көріңіз:

  • Дәрумендер жайлы ұмытпаңыз: көкөністер мен жемістерден бөлек, дәрумен комплексін ішіп алған дұрыс.
  • Күні бойы газдалмаған су көп ішуге тырысыңыз, ал кешке бал қосылған жылы сүт ішуді әдетке айналдырыңыз.
  • Ұйықтар алдында тамақтанбаңыз.
  • Ұйқыға бармас бұрын ванна қабылдаған жөн.
  • Оқуға құмар болсаңыз, планшет пен смартфондарды әрі қойып, қолға қарапайым кітап алыңыз. Ғалымдардың айтуынша, заманауи планшеттердің жарығы көз бен жүйке жүйесіне әсер етіп, ұйықтауға жол бермейді.
  • Күнделікті бір уақытта оянып үйренген жөн, тіпті демалыс күндері де.
  • Осы айда ұйқыға ерекше көңіл бөліп, оны қалдырмай, бұзбауға тырысыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: isitthattime.com, thewarmmilkjournal.com 

С. А