Ұйықтау үшін мелотонин қабылдаған дұрыс па?

Ұйықтау үшін мелотонин қабылдаған дұрыс па?
Фото: freepik.com

Ұлттық ұйқы қоры жүргізген зерттеуге сәйкес, ересектердің 50% - дан астамы аптасына кемінде бірнеше рет ұйқы мәселесімен бетпе-бет келеді. Тіпті, кейбірінде ұйқысыздық созылмалы дертке айналған. Сол себепті мелатонин көмегіне жүгінеді. 

Мелатонин — ұйқыны тудыратын мидағы гормон. Бұл оянудан ұйқыға ауысуды үйлестіруге көмектеседі. Кешке табиғи жарық сөнген кезде мелатонин деңгейі көтеріле бастайды, денені ұйқыға дайындайды. Оның деңгейі түн ортасында шыңына жетеді, содан кейін таңертең ерте оянғанға дейін біртіндеп төмендейді. Мелатониннің синтетикалық түрі де бар. Әдетте ол тыныштандырғыш әрі ұйықтатын дәрі ретінде қолданылады. 

Мелотинин шынымен жақсы ұйықтауға көмектесе ме?
Ол туралы нақты ақпарат жоқ. Дегенмен зерттеу жұмыстары көрсеткендей, ол ұйықтатпайды, тек ұйқыны келтіреді. Оның іске асуына көптеген фактор кері әсер етуі мүмкін. Көп адамды кешкі 8-9да ұйқы қыса бастайды. Бірақ телефон қарау, теледидар мен жеген тамақ арқасында ұйқы ашылады. Мелотонин де дәл солай жұмыс істейді. Егер әсер ететін факторларды алып тастаса, онда оның әсері артуы мүмкін. 

Мелатонинді әр кеш сайын қабылдау зиян ба?
Мелатонинді ұзақ уақыт қабылдау ұсынылмайды. Ұйқының бұзылуы, әдетте, әдеттерімізге немесе шешілуі керек кейбір маңызды негізгі мәселеге (физикалық немесе психологиялық) байланысты болады. Сол себепті, ұйқыны табиғи жолмен ретке келтірген жөн.

Т. Есқали