Дәрігер суық тию кезінде қандай тағамдар жемеу керегін айтты

Дәрігер суық тию  кезінде қандай тағамдар жемеу керегін айтты
Фото: championat.com

Суық тиген кезде тәтті, қуырылған ет, салқын сүт және балмұздақ жемеу керек. Бұл туралы "Москва 24" арнасына берген сұхбатында диетолог Михаил Гинзбург айтты.

Маманның айтуынша, ауру кезінде ауыр тамақ ішу инфекциямен күресу үшін күш-қуатты қажет ететін денеге қосымша салмақ түсіреді.

"Қуырылған етті жемеген дұрыс. Әрине, адам одан өлмейді, бірақ бұл жай ғана суыққа арналған ауыр тағам. Суықтың асқынып кетпеуі үшін қатты салқындатылған тағамдарды, балмұздақтарды жеудің, салқын сүт ішудің қажеті жоқ", - дей дәрігер.

Гинзбургтың айтуынша, тәттілерден бас тарту керек. Жақсы қорытылатын және қалпына келтіруге көмектесетін жеңіл тағамдарды жеген дұрыс. Диетада жұмыртқа, жарма, жемістер мен жидектер болуы керек. Сондай-ақ, аздап тәттілендірілген жеміс сусындарын ішуге болады, деп қорытындылады сарапшы.

А. Оралқызы