Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Ерте оянудың сырлары

Ерте оянудың сырлары

Ерте оянудың сырлары

"Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық" демекші, таңмен ерте тұру қабілеті уақытты үнемдейді. Сіз үшін бұл қиын мәселе болса да, мүмкін емес еш нәрсе жоқ. Өзіңізді қолға алып, күн тәртібін дұрыстаңыз.

Жұмысқа жарты сағат қалғанда, үшінші (бесінші, оныншы) оятарға атып тұрып, жуынып, киімді тез үтіктеп, бір шыны су ішіп, үйден жүгіріп шығасыз. Әрине жұмысқа кешігіп келіп, сөз естисіз. Күні бойы ұйқыңыз келіп, жұмысыңызды әрең жасайсыз. Осындай сценарийден шаршасаңыз, біздің кеңестерді оқып, ерте оянуға дағдылануға тырысып көріңіз.

"Ерте жатсаң, ерте оянасың" ережесі көп жағдайда жұмыс істемейді. Ерте ояну үшін біріншіден ұйқыны қандыру керек. Ал бұл үшін 7-8 сағат та жеткілікті.

Оятарды күнделікті бір уақытқа қойыңыз және оны демалыс күндері өшірмеңіз. Уақыт өте ағзаңыздың өзі ерте оянуға дағдыланып, оятардан бұрын оянады.

Тағы бір кеңес: оятарды тұруға керек уақытыңыздан 30 минут ертерек қойыңыз. Ойлаңызшы, оянасыз, ал сізде әлі 30 минут бос уақыт бар! Осы уақытта төсекте жәй жатып, керіліп, күніңізді жоспарлаңыз. Бұл уақытта ұйықтап қаламын деп қорықсаңыз, 30 минуттан кейін тағы бір оятар қойыңыз.

Сонымен 30 минут төсекте жатып, оның жылуымен қоштасып үлгердіңіз. Толықтай ояндыңыз. Бірақ әлі де төсектен шығуға асықпаңыз. Бұл кезде арнайы жаттығулар жасап, ағзаға жұмысын іске қосуына көмектесіңіз.

  • Біріншіден, ағзаның оянуы үшін жақсылап тұрып есінеп алу керек. Адам есінеген кезде, оның миына көбірек оттегі барады. 
  • Күні бойы жұмыс жасауы керек көздерге жаттығу жасаңыз. Басыңызды бұрмастан көзіңізді шет-шетке қаратып, бөлмені көзбен жүгіртіп шығыңыз.
  • Енді ең жақсы сәт керілуге келіп жеттік. Жақсылап тұрып керіліп, төсектен тұрамыз.

Төсектен тұрып, жылы бір жемпір киіп алыңыз. Енді барып жуыныңыз, тек суық сумен емес. Жылы су да бойыңызды сергіте алады. Айта кетсек, бетті газсыз, жылы минералды сумен жуған өте пайдалы. Уақытыңыз болса, душ қабылдаңыз. 

Ерте тұруға үйренгендіктен, енді сіздің таңғы асқа да уақытыңыз бар! Жеңіл, тез әзірленетін тағамдар дайындаңыз, ең болмаса нан мен май жеңіз. Ал кофеге құмарларға бұл сусынның орнына жасыл шәй ішуге кеңес береміз. Ол бойыңызды сергітіп, ағзаны оятып, оған қоса қан қысымын реттейді. 

Жұмысқа тезірек жиналу үшін киімді кеште дайындап қойған жөн. Айтпақшы, ертерек шықсаңыз, жол тығындарына да түспейсіз. 

Жұмысқа ертерек жетіп, шаруаларыңызды уақытында тындырып, сәттілікке жетіңіз!

Дайындаған: Сания Аринова 

Сурет: bideawee.org

5719 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 қаңтар 2013, 09:33
Тегтер: ерте ояну, оятар,
Пікірлер
+0
25 қаңтар 2013, 10:08

Ерте оянсам да, кеш қалып қоя берем осы ) Мына кеңестер кәдеме жарайтын болды :)

+0
25 қаңтар 2013, 10:30

Бала күнімнен түнгі 12-сіз ұйқыға жатпайтын әдетім бар, жалпы отбасындағылар бәріміз сондаймыз. Сонғы жұмыс жасап жүрген 5 жылымда танертен 7:00-де ұшып тұру әдетіме айналған. Бірақ қанша ерте тұрсамда жұмысқа кешікпегеніммен, тым ерте барып отыру деген болмапты. Өйткені үнемі кешігіп жүремін. Тіпті танертен газға қойған шәйнегімде мен жуынып келгенше қайнап, тасып жатады... Ал, кеңестеріңізге үлген алғыс!!!

+0
27 қаңтар 2013, 00:17

таңертеңгі тәтті ұйқы,обедьте қайтіп келмиді ;)

+0
27 қаңтар 2013, 01:03

тамаша есте сақтаймын, іске асырамын

+0
27 қаңтар 2013, 12:00

Демалыс күндері ерте тұрғым келмейді. Организімімде ол күндер ұйықтайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...