Дәрігерлер буын ауруын дәрісіз басудың 5 әдісін атады

Дәрігерлер буын ауруын дәрісіз басудың 5 әдісін атады
Фото: Global Look Press

Артрит – бұл қолайсыздықты тудыратын кең таралған ауру. Буындары ауырады, тері ісінеді, кейде жүргенде де ауырады. Жағымсыз белгілерді қалай жеңілдетуге болатынын білейік.

Көбінесе ерлер мен әйелдер ревматоидты артритпен (иммундық жүйе зақымдалған аутоиммунды ауру) немесе шеміршек қабынатын және жойылатын остеоартритпен ауырады. Кез келген жағдайда диагнозды дәрігер қояды, содан кейін емдеуді тағайындайды. Әрине, дәрігер тағайындаған препараттардан бас тартуға болмайды, оларсыз жағдай нашарлауы мүмкін.

Дегенмен, терапиямен қатар, артриттің ауырлығын төмендететін халықтық әдістерді де ұмытпау керек. Салауатты өмір салтын ұстанатын сарапшы Зара Кеньон олардың бірнешеуімен бөлісті.

Жаттығу

Буындарыңызды қозғалмалы ұстау үшін жүйелі түрде жаттығып үйреніңіз. Бірақ жоғары әсерлі кардио және күшті жаттығулар пайдасынан гөрі зиян келтіруі мүмкін», - British Express-ке берген сұқбатында дәрігер.

«Жаттығу жасағанда өзіңізге күш салмаңыз. Алғаш йога, таңертеңгі жаттығу, бассейнге барудан бастаңыз. Айтпақшы, жаяу жүру де тамаша нұсқа! Алғашқы серуен үшін 30 минут жеткілікті», - дейді Зара Кеньон.

Медитация

«Адамдардың екі түрі бар: медитацияның күшіне сенетіндер және оны сән деп санайтындар. Егер сіз кейінгі топта болсаңыз, онда нанымдарыңызды қайта қарастыратын кез келді», - дейді маман.

Ыстық ванна

Су процедуралары демалуға көмектесетіні бұрыннан белгілі. Көбік немесе тұз қосылған жылы ванна – күнделікті істерден бас тартудың, демалудың, өзіңізге уақыт бөлудің тамаша нұсқасы.

Бұл әдіс бұлшықет спазмын жеңуге, буындардың ауырсынуын азайтуға көмектеседі.

«Зерттеушілер тізе буынының артрозымен ауыратын 30 ер мен әйелдер екі апта бойы күніне 20 минут бойы жылы суға түскеннен кейін ұзағырақ және жылдамырақ қадам жасай алатынын анықтады», - дейді Кеньон.

Суық компресстер

Суық терапия артрит буындары үшін де пайдалы болуы мүмкін. Суық температура қан тамырларының тарылуына әкелетіндіктен, қабыну азаяды. Ісінген және ауыратын жерлерге суық компрессті қолдануға болады.

«Мұз текшелерін сүлгіге немесе кез келген тығыз табиғи шүберекке орап, зардап шеккен теріге суық компрессті басып көріңіз. Басында ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл қатты ауырсынуды басуға көмектеседі», -дейді дәрігер.

Массаж

Бұл әдіспен абай болу керек: кейде буындарды уқалауға болмайды. Бірақ егер сіздің дәрігеріңіз мұндай әдісті мақұлдаса, неге оны қолданып көрмеске?

Массажды ақырын орындаңыз, басқанда және тіпті жай ғана қол тигізгенде ауырсыну болмауы керек. Сіз мұны арнайы жақпа немесе ылғалдандырғыштармен жасай аласыз, бірақ тағы да дәрігердің рұқсатымен ғана орындаңыз.

Т. Раушанұлы