Жүргенде білінеді: Холестерин көбейгенін білдіретін белгі

Жүргенде білінеді: Холестерин көбейгенін білдіретін белгі

Қанда холестериннің мөлшерін білу өте маңызды. Холестериннің көбейіп келе жатқаны басында анықталса, оны азайту соғұрлым оңай. Егер холестерин көбейе берсе, онда түрлі жүрек ауруына әкеледі.

Холестериннің алғашқы белгілері аяқ пен тобықтан, табаннан байқалады. Артерия тамырына жиналып жатқан майдың қалдықтары ең алдымен аяқ жаққа жиналады. Көбіне түйіршек, бүртік болып тұрып қалады. Сырты бозарып тұрады, ал ішінде майлы қалдық жиналып жатқаны байқалады. Өлі жасуша мен кальций, қанның ақуыз талшығы да осы жерге жинала береді.

Жинала келе бұл бүртік томпайып, қақ сынды қатып қалады. Ол жақсы емес. Себебі томып-семіп қалған май қалдығы қан айналымын бұзып, жүрекке ауырлық түсіреді. Аяқ жаққа қанның баруы қиындайды. Содан адам перифериялық артерия ауруына шалдығуы мүмкін. Ал оның алғашқы белгісі дәл осы аяқтан, әсіресе, жүрген сәтте білінеді.

Аяқ ауырсынады, дискомфорт болады, аздап құрысу болуы мүмкін. Басында біліне қоймайды, бірақ уақыт өте келе қатты жүргенде, аяқ шаршағанда анық білінеді. Демалған кезде ауырсыну қояды, алайда ауру асқынып кетсе, онда демалған кезде де ауырады.

Адамда холестерин көп екенін білдіретін табан мен тізедегі белгілері

Қ. Слямбек