Тамақ пен ішімдіктен де артық зиян: инфекционист бауырды бұзатын әдетті атады

Тамақ пен ішімдіктен де артық зиян: инфекционист бауырды бұзатын әдетті атады
Фото: zdravcity

Алкогольді асыра пайдалану бауырды «өлтіреді», бірақ қауіпті болып көрінбейтін кейбір әдеттер де ағзаға зиян келтіреді. Мысалы, сіз дәрігердің рецептісіз дәрі ішу әдетіңіз бауырға қалай әсер ететінін ойлап көрдіңіз бе?

Инфекционист Наталья Очинскаяның айтуынша, бауырдың негізгі функцияларының бірі улы заттарды залалсыздандыру. Сондықтан, ол арқылы барлық дерлік препараттар өтеді.

Көптеген адам дәріні қалаған  кезде ішуге болады деп сенеді. Дегенмен, шын мәнінде, дәрі-дәрмектің жұмыс істеуі және зиян тигізбеуі үшін көптеген нәрсені ескеру қажет. Мысалы, дозаны дұрыс есептеңіз, бұл препараттардың қандай препараттармен біріктірілмейтінін біліңіз, бұл туралы барлық ақпаратты оқып, қарсы көрсеткіштер мен жанама әсерлері бар екенін біліңіз.

Дәрі-дәрмек  ішетін адам оның салдарын ойламайды, нәтижесінде бауыр ауырады. Ең алдымен, дәріні бей-берекет қолдану әйелдерге, қарттарға және үш жасқа дейінгі балаларға қауіпті.

Дәрігер «Газета» басылымына берген сұхбатында бауырдың дәріден зардап шегетінін бірден түсіну мүмкін емес, зақымдану бірнеше аптада немесе бірнеше айдан кейін де пайда болуы мүмкін екенін, бұл бауыр жеткіліксіздігі мен циррозға әкелетінін айтты.

Кез келген ауру үшін антибиотиктерді ішудің қажеті жоқ. Дәрі ішуден бұрын терапевтпен сөйлескен дұрыс. Ал егер сізге көп дәрі-дәрмек тағайындалған болса, емдеуге дейін, емдеу кезінде және одан кейін бауыр ферменттерінің деңгейін бақылау маңызды.

Дәрігер мына белгілер бауырдың  дәрі-дәрмектен қатты зардап шегетінін білдіреді деді:

• тәбет жоғалуы;

• жүрек айнуы;

• әлсіздік;

• терінің сарғаюы;

• терінің қышуы;

• жоғары температура.

Т. Раушанұлы