Кез келген жаста арықтауға болады, ол үшін не істеу керек?

Кез келген жаста арықтауға болады, ол үшін не істеу керек?
Фото: eatthis.com

Адам қартайған сайын, жасы келген сайын арықтау қиынға түседі деп жатады. Өйткені адамның ағзасында зат алмасым процесі де уақыт өте баялайтыны белгілі. Алайда ғалымдардың айтуынша, егделік пен кәріліктің арықтауға түк те қатысы жоқ. Кез келген жаста арықтауға болады дейді.

Мұны айтып отырған – Ұлыбритания ғалымдары. Coventry университетінің ғалымдары арықтаудың әдістері адамның жас кезінде, орта жаста және егде жаста қалай әсер ететін салыстырып көрген екен. Зерттеудің нәтижесі жайлы ғылыми мақала жариялаған.

Ғалымдар 2005-2016 жылдары 242 пациентке тәжірибе жүргізеді. Тамақ рационы мен күнделікті жүріс-тұрысын бақылауға алады. Пациенттердің көбі семіз адамдар болған. Зерттеушілер оларды екі топқа бөледі. Бірінші топқа 60 жасқа дейінгі адамдарды жинаса, екінші топқа 60-78 жастағы қариялар жиналады. Бірінші топтағылар 41 айға созылған арықтау бағдарламасын ұстанса, екінші топтағылар 33 айлық бағдарламаны ұстанады.

Ғалымдар 3-4 жылға жуық бақылау жүргізген. Зерттеу нәтижесі мамандарды қатты таңқалдырған. Өйткені кәрі адамдар арықтай алмайды, арықтауы қиын деп ойлаған ғалымдар нәтиженің мүлде кереғар шыққанына таңқалады. Екі топтың да арықтау нәтижесі шамамен бірдей болған. Егер 60 жасқа дейінгі адамдардың май массасы 6,9 пайызға дейін азайса, екінші топтағылардікі де осы шамалас, 7,3 пайызға дейін азайған. Тіпті, қариялар жастарға қарағанда салмақтан көбірек арылғанын байқауға болады.

"Бұл зерттеу біраз мифті жоққа шығарайын деп тұр. Жасы келген адамның өзіне сенім бермек. Диабет пен остеоартрит сынды ауруды жеңуге көмектеседі деген ойдамыз", - дейді зерттеу тобының жетекшісі Томас Барбер (Thomas Barber).

Қ. Слямбек