Көздің көруін құртатын танымал 3 тағам

Көздің көруін құртатын танымал 3 тағам
Фото: traveltimes.ru

Көз сөзсіз адамның ең маңызды мүшелерінің бірі. Ал одан да маңыздысы – оны күту. Көбіміз ішіп-жеп жүрген асымыздың көзге тікелей әсер ететінін білмей жатамыз. Көздің көруін жақсартатын тағамдар бар және көзді нашарлатып жіберетіндері бар.

Көзді нашарлататын тағамдарға мыналар жататын көрінеді.

Қарапайым көмірсулар

Бұлар кез келген тағамда бар. Сүт пен макароннан бастап жеп жүрген тәтті тағамдарда көп кездеседі. Қарапайым көмірсулар ағзаға түскенде тез қорытылады да, қанда қанттың құрамын көбейтіп жібереді.

Қант да қарапайым көмірсуларға жатады. Тәтті тағамдар көздің тор қабығын қабындырып, көзуді нашарлап жібереді.

Көзге зиян тағы бір тағам – өңделген ет тағамдары. Шұжық (колбаса), шұжықша (сосиска) сынды өңделген ет өнімдері мен кептірілген шикі ет көздің артқы бөлігін қабындыруы мүмкін. Мұндай тағамда тұз көп болатындықтан, көзге зиянын тигізетін көрінеді.

 

Қ. Слямбек