Кімге картоп жеуге болмайды?

Кімге картоп жеуге болмайды?
Фото: vashnarkolog.com

Күнделікті жеп жүрген көкөністің бірі әрі маңыздысы – картоп. Бағасы арзан, қолжетімді болғасын, бәріміз тұтынамыз.

Бірақ мамандардың айтуынша, картопты бәрінің жей бергені дұрыс емес. Әсіресе, қанында қант көбейіп кеткен және бүйректің созылмалы ауруларына шалдыққан адамдарға картопты көп жеуге болмайды.

Әсіресе, картопты ыстықтай жеп жіберуге болмайтын көрінеді. Өйткені жаңа піскен ыстық картоптың гликемиялық индексі жоғары болады. Яғни, құрамында қанты көп болады. Ондай картопты жесе, қанда қант көбейіп кетеді.

Сол себепті мамандардың айтуынша, семіз және қант диабетіне шалдыққан адамдарға картопты көп жеуіне болмайды. Оның орнына орамжапырақ, брокколи мен асқабақ, кәдіш (кабачок) жеген пайдалырақ көрінеді.

Мамандардың айтуынша, картопты қуырып емес, қайнатып, суға пісіріп жеген абзал. Оның өзінде суытып жегенде пайдасы одан да жақсы болатын көрінеді. Суық картоп ішектегі пайдалы микрофлораны көбейтуге көмектеседі.

Картоптың мол пайдасын сезіну үшін қалай пісіріп жеген жөн?

Қ. Слямбек