Ағзаға дәрумен жетіспейтінін көрсететін 4 айқын белгі

Ағзаға дәрумен жетіспейтінін көрсететін 4 айқын белгі
Фото: ru.freepik.com

Біздің ағзамызда пайдалы заттардың мөлшері өте аз, бірақ олар маңызды рөл атқарады. Олардың биологиялық қызметтері жақсы зерттелген. Сондықтан ағзаға микроэлементтердің жетіспейтінін бірнеше айқын белгіге қарап анықтауға болады.

Қараңғыда нашар көре бастайсыз

Адамдар түнде көрмейді, бірақ бізде қараңғыда жөн табуға мүмкіндік беретін ымырттық көру бар. Жартылай түнектің өзінде түстерді нашар ажыратсаңыз және кеңістікте дұрыс жол таба алмасаңыз, ол ымырттық көрудің әлсірегендігін білдіреді. Ол жеке ауруға жатпайды. Бұл қандай да бір проблеманы көрсететін белгі. Көрудің нашарлауының себептері көп, бірақ ол жиі А дәруменінің жетіспеуінен болады. Сәбіздің көпшілікке таныс көруді жақсартатын қасиеті шындық, себебі оның құрамында бета-каротин бар. Ол көзге жағымды әсер етеді және көз торын қатайтуға көмектеседі. Сондай-ақ ымырттық көруді қалпына келтіруге қаражидек, қарақат және итмұрын көмектеседі.

Ашуланшақ болып кетесіз және тез шаршайсыз

Өкінішке орай, қазір уайымдататын жағдайлар жиі орын алуда. Алайда, бәрі жақсы болса да, сіз ашулансаңыз, мазасыздансаңыз және шаршасаңыз — бұл проблема.

Біздің жүйке жүйеміз тек сыртқы емес, ішкі тітіркендіргіштерге де әсер береді. В12 дәрумені жетіспегендіктен мазасыздануыңыз немесе ашулануыңыз мүмкін. Сондай-ақ бұл дәрумен гормондардың, соның ішінде серотонин, адреналиннің синтезіне қатысады. Ол жетіспесе, есте сақтау мен зейін қоюдың төмендеуі, көңіл күйдің түсуі және депрессия пайда болуы мүмкін. В12 дәруменін толтыру үшін маман кеңесіне жүгініңіз. Сонымен қатар, рационды реттеңіз: ет, бауыр, балық, жұмыртқа қосыңыз.

Тіс немесе тіс еті мазалайды

Жалпы тіс дәрігеріне жарты жылда бір рет барып тұру керек. Бірақ кейде тіске қатысты айқын проблема жоқ болса да, тіс еті қанайды және қарапайым тіс тазалау өңезді дұрыс кетірмейтіндей көрінеді. Бұл кезде сізге С дәрумені жетіспеуі мүмкін.

Пайдалы заттардың жетіспеушілігінен тіс босайды, әлсіз болып кетеді және сарғаяды. Эмаль біртіндеп желініп, бұзылады. Ал оның орнына тістің бетіне дақтар түзіледі. Нәтижесінде, тіс жегі пайда болады. Көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіз. Тісіңіз қатты ауырса, кейінге қалдырмай, бірден дәрігерге қаралыңыз.

Салмағыңыз артып кетті

Дұрыс тамақтанып жүрсеңіз де, салмақ қосып жатсаңыз, ол пайдалы заттардың жетіспеуінен болуы мүмкін. Йодты басқа элементтерге қарағанда өнімдерден алу қиынырақ. Себебі теңіз өнімдері қолжетімді емес. Ал теңіз тұзы қарапайым тұздан қымбатырақ.

Йодты қалқанша без өндіретіндіктен, бірінші кезекте оның жұмысын тексеру керек. Эндокринологқа қаралып, қан анализін тапсырыңыз.

А. Жапатова