Жатарда тәтті жеп жату ұйқыны бұзады

Жатарда тәтті жеп жату ұйқыны бұзады
Фото: www.pexels.com

Жатарда тәтті-пәтті, ұн тағамдарын жеуге болмайды. Бұл ұйқыны бұзады.

Мамандардың айтуынша, адамның көңіл-күйі мен ұйқысы гормон бөлінісіне тікелей байланысты. Ал гормон уақытқа байланысты бөлінеді. Егер гормон бөлінісі бұзылса, адам депрессия мен апатияға ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ ұйқысы да бұзылады.

Тағы бір айта кетерлігі – гормон бөлінісіне адамның ас-ауқат жеу әдеті де көп әсер етеді. Соған байланысты мамандар кей тағамдарды жатарда жемеу керегін айтады.

Ондай тағамдарға тәтті, десерт пен ұн тағамдары жатады. Адамның ұйықтауына мелатонин гормоны жауап береді. Ал жоғарыда аталған тағамдар адамға тез энергия беретіндіктен, мелатонин гормонын азайтып жібереді. Содан адам дұрыс ұйықтай алмай қалады.

Қ. Слямбек