Балаға аспап үйретудің пайдасы

Балаға аспап үйретудің пайдасы
Фото: 3live.ru

Бала күнінен аспап үйренген бүлдіршіннің интеллектісі мықты болады. Мұндай адамдарға қарттық жай келеді. Осылай дейді Шотландияның Эдинбург университетінің ғалымдары.

Олардың айтуынша, музыка аспабын кішкентай кезінен үйренген баланы ой-танымы бөлек, когнитивті қабілеті мықты болады. Әрі бұл когнивті ой-таным қабілеті өмірінің соңына дейін жоғалмайтын көрінеді.

Мұны ғалымдар 366 адамның өміртарихын талдау арқылы анықтаған. Қатысушылардың 117-сі бала күнінде музыкамен айналысқан екен. Көбіне фортепиано, аккордеон, гитара мен скрипка үйренген, ойнаған.

Мұндай жандарда қартаю ерте бола қоймайды, өмірінің соңына дейін есін біліп өтеді, алжу мен есін жоғалту сынды қарттық белгілері болмайтын көрінеді.

Зерттеу: Музыка баланың жады мен есту қабілетін дамытады

Қ. Слямбек