Ұзақ өмір сүргіңіз келсе тұзды көп жемеңіз

Ұзақ өмір сүргіңіз келсе тұзды көп жемеңіз
Фото: unsplash.com

Тұзды тамақ жегенді доғарыңыз. Өйткені бұл әдет созылмалы ауруларға алып келеді. Тұзды көп жегеннің ғұмыры ұзақ болмайды. Осылай дейді ғалымдар.

21 ғылыми еңбектің метадеректерін талдаған ғалымдар тамақтану әдебіне аз да болсын өзгеріс енгізгеннің пайдасы мол болатынын байқаған. Әсіресе, тұзды азайтқанда кейбір қатерлі аурулардың беті қайтқанын анықтаған. Солардың ішінде қан қысымы, жүрек аурулары біршама төмендеген.

Ғалымдар тұздың (натрий хлориді) орнына денсаулықты жөндеу үшін тұз алмастырғыш дәмдеуіштерді тамаққа қосқан жөн деп санайды. Ондай дәмдеуіштерге қара тұз, тас тұзы, гималай тұзы, сарымсақ (чеснок), лимон үгіндісі, диеталық ашытқы, бальзам уксус және қара бұрыш жатады. Мұндай дәмдеуіштерді кәдімгі ас тұзының орнына тамаққа да, салат пен етке де сала беруге болады.

Қ. Слямбек