«Не үшін салмақ қоса беремін?»: Асқорытумен байланысты 5 проблема

«Не үшін салмақ қоса беремін?»: Асқорытумен байланысты 5 проблема
Фото: create.vista.com

Асқорыту проблемалары салмақ тастауға да, салмақ қосып алуға да әкеле алады. Сондықтан жүйелі түрде гастроэнтерологқа қаралып, өз тамақтануыңызды қадағалау маңызды. Бұл аурулар артық килограмдарыңыздың себебі болуы мүмкін.

Тітіркенген ішек синдромы

Бұл түрлі себептерге байланысты пайда болады: депрессия мен ұйқының бұзылуынан бастап шалдыққан жұқпалы ауруларға дейін. Ол мынадай жағымсыз белгілермен бірге жүреді: іштің кебуі, іштің ауыруы, нәжіс проблемалары. Бұл созылмалы ауру және көп жағдайда оның нақты себебін анықтау мүмкін емес. Осы патологиялық жағдайдан созылмалы қабыну туындауы мүмкін, сондықтан да салмақ қосып аласыз. Өкінішке орай, тітіркенген ішек синдромын толықтай емдеу мүмкін емес. Бұл патологиялық жағдайды емдеу жағымсыз белгілердің жайсыздығын азайтуға бағытталған.

Ойық жаралы колит

Ойық жаралы колит — тоқ ішек қабынатын жағдай. Бұл асқорыту жүйесінің басқа бөліктерінің қабынуына әкеледі. Бұл кезде бастапқыда салмақ тастау байқалуы мүмкін. Бірақ ойық жаралы колитті емдеу кезінде көп жағдайда салмақ қосуға әкелетін жиі стероидтар қолданылады. Әдетте, адам ем курсын аяқтап, стероидтардан бас тартқан кезде оның салмағы қалпына келеді.

Қышқылды рефлюкс

Бұл кезде көкірек қуысының төменгі бөлігі қыжылдайды және күйдіріп ауырады. Оның себебі асқазан қышқылы өңешке түседі. Қышқылды рефлюкспен қиналатын адамдардың көпшілігі тамақ ішу жағымсыз белгілерді уақытша жеңілдете алатынын айтады. Себебі сілекей кей асқазан қышқылдарын бейтараптандырады. Бірақ, өкінішке орай, тамақ ішуден болатын әсер тек уақытша ғана. Тамақ қорытылғаннан кейін қыжыл, жүрек айну және іштің ауыруы қайта оралып, жағдайыңыз тамақ ішкенге дейінгіден де нашарлай түсуі мүмкін. Жағдайыңызды жеңілдеткіңіз келіп, тіскебасарлар жей берсеңіз, ол салмақ қосуға әкелуі мүмкін. Диетаға түзетулер ензігіп, жағымсыз белгілерді азайтуға көмектесетін дәрілер алу үшін дәрігерге уақытында қаралу маңызды.

Ішектер микрофлорасының бұзылуы

Ішекте шамамен 50 триллион бактерия бар. Шартты түрде оларды «жақсы» және «жаман» деп бөлуге болады. Қалыпты жағдайда бұл бактериялар үйлесімді,  бірақ егер патогенді ағзалар көбірек болып кетсе, ол асқорыту проблемасына алып келуі мүмкін. Іштің кебуі, бас ауыру, іш қату, ісіну, аллергия, салмақтың артуы — егер ішек микрофлорасы бұзылған болса, осы белгілерді сезуіңіз мүмкін. Бұл кезде салмақтың қосылуы бірнеше себеппен болады. Мысалы, бактериялардың дұрыс емес тепе-теңдігінен тамақтан пайдалы заттарды сіңіру бұзылады. А дәруменінің бұзылуы салмақтың қосылуына әкелуі мүмкін, себебі ол зат алмасуды реттеуге және ағзада май қабатын қалдыру процесіне қатысады. Ал D дәруменінің жетіспеуі тәбетті арттырады, себебі аштық сезімін бақылайтын лептин гормоны азырақ өндіріледі.

Егер ағзаға пайдалы заттар сіңбесе және тамақ нашар бөлінсе, бауырға түсетін жүк артады. Ол өз кезегінде артық салмақ қосылуын ынталандыратын гормонды бұзылысқа әкелуі мүмкін. Сондай-ақ көпшілік патогенді бактериялар үшін қант пайдалы зат болып саналады. «Жаман» бактериялар көп болған сайын ағза тәтті тамақ сұрай береді. Тәттіге деген бұл құштарлықты бақылай алмасаңыз, артық килограмдар қосып алу оңай.

Асқазан және аш ішек жарасы

Бұл жағдай Helicobacter pylori бактерияларымен зақымдалу, тұқым қуалайтын бейімділік, кей дәрілерді ішу, зат алмасудың бұзылуы және үйлесімсіз тамақтанудан пайда болады. Бұл жағдайдың да белгілері қышқылды рефлюкстікіндей: іштің кебуі, жүрек айну, іштің ауыруы. Бұл жағымсыз белгілер бұл кезде де тамақ ішсеңіз жеңілдегендей көрінеді. Сондықтан жиі бірдеңелер жей бересіз, ол салмақтың артуына әкеледі.

А. Жапатова