Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Орындықтан тұрыңыз

Орындықтан тұрыңыз

Орындықтан тұрыңыз

«Орындықтан тұру» - бұл Британияда шығатын «Спорт және медицина» журналының Швеция ғалымдары көзқарасы негізінде «Қазіргі отырып үйренген адамдарға» берген ескертуі. Кеңседе, қызметке шығар жолда автобуста, үйге қайтып келгеннен кейін де бір күндік қарбаластықтан құтылып, отыра қалып демалуды көксейміз әрі отырғанда ғана демала алатындай сезінеміз... Міне, осылайша біз орындықтан айырыла алмайтын тұрмыс кешіреміз. Алайда, ең жаңа зерттеу натижесі «Ұзынды күн орындықтан екі елі айырылмау» қан қысымының жоғарылауы ауруы, зат алмасудың баяулауы және дене салмағының қалыпсыз артуы сынды ауруларға кіріптар ететіндігі дәлелденген.

«Біз үшін демалудың таптырмас құралы болған орындық қалайша денсаулықтың қас жауына айналды?» деген заңды сұрақ туындайды.

Отырған кездегі энергияның сарып болуы жатқандағыдан әлдеқайда төмен болады екен, бір алма жеуге жұмсалатын энергияның өзі орындықтан «екі елі айырылмауға» жұмсалатын энергиядан әлдеқайда көп болады.

Адамдар «Ұзақ уақыт отыруды», «Әрекет жасамау» деп қате түсініп келген, іс жүзінде егер бір адам әр күні 30-45 минутқа дейін спортпен шұғылданбаса, қалған уақыттың барлығында отырады, ол және де «Ұзақ отырғанмен тең» дейді Британ Лафборг университетінің Спорт психологиясы ғылымдарының докторы Твард Бидр.

Отыру әдісі дұрыс болмаса, омыртқа қисаяды. Ақаусыз адамдардың омыртқасы S формасында болады, алайда ұзақ уақыт отыра беруден бел артқа қарай C әрпі формасында иіліп, дене әрекетіне тірек болатын арқа және құрсақ бөлімдегі бұлшықеттер рөлінен айырылады. Ұзақ уақыт осылай болғанда, арқа бұлшықеті әлсіреп, омыртқаға тірек бола алмай қалады, қатты сырқырап ауыруы да мүмкін.

Отыра беруден бел айналымы кеңейеді. Егер ұзақ уақыт отыра берсеңіз, бел айналымыңыз үлкейеді және осыған сәйкес дене салмағыңыз да артады. Міне, осыдан денсаулығыңыз сыр беріп, түрлі ауруға кіріптар болуыңыз да мүмкін. Негізінде, орындық тек денсаулықтан айырудағы бірінші қандықолдың бет қалқаны ғана, ал нағыз қандықол «Көп отыру». Ғалымдар: «Белгілі уақытта орыннан тұрып әрекет жасап тұру, жұмыс аралығында гимнастика ойнау немесе жүгіру машинасында шынығу таптырмас талғамыңыз дегенді ескертеді. Егер отырмауға амалыңыз жоқ болып, қарбаластықтан мұрныңызға су жетпесе, ең болмағанда, телефон қабылдаған кезіңізде орныңыздан тұрып сөйлесуге әдеттеніңіз.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

2257 7
Рейтинг: +5

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 11 қаңтар 2013, 13:49
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2013, 13:55

Тұрып кетіп қайда барамын ;) Жалпы, қазір не істесең де зиян ғой, оның бәрін орындасақ өмір сүруден қалатын сияқтымыз, ал мәліметтеріңізге рахмет!

+0
11 қаңтар 2013, 14:03

Бізге кел) Бізде орындықта отыру деген жоқ. Қайта бізге "орындыққа отыр" деген керек сияқты :lol:

+0
11 қаңтар 2013, 14:05

Орынды кеңес. Қазақтар бұндайға мүлде көңіл бөлмейді. Өлуге таяған шақта ғана емханаға барады ғой.

+0
11 қаңтар 2013, 15:11

Көп отырам((((

+0
11 қаңтар 2013, 18:15

Керек кеңес!

+0
03 сәуір 2013, 16:30

отыра бергеннен жауырын усти, мойным ашитын болды((( кейде ер адамдардыкы дурыс па деп коям, перекур деп турып кететин :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...