Ауыздан шыққан иіске қарап қалай ауруды анықтауға болады?

Аурудың көбін ерте анықтаудың бірден-бір жолы – денеден шыққан иіске мән беру. Әсіресе, ауыздан шыққан иіске қарап аурудың алғашқы белгілерін ерте анықтап, дерттің алдын алуға болады.

Мамандардың айтуынша, медицинада ауыздан шыққан иіске қарап ауру белгілерін анықтайтын арнайы смарт-сағаттарға ұқсас "электронды есептегіштер" бар көрінеді. Қан тапсырмай-ақ, "электронды мұрынға" үрлеп, талдау жасауға болады.

Иіс әртүрлі болады. Біреуін иіскеп сезе алсақ, енді бірін адамның мұрны мүлде сезбеуі мүмкін. Ондайда арнайы аппарат керегі анық. Ал былай иісін сезіп тани алсақ, онда ауруды да оңай анықтауға болатын көрінеді мамандардың айтуынша.

Ендеше мамандардың мына кеңесіне құлақ түрейік.

Ауыздан тәтті иіс шықса, бұл тонзилит (тамақ қабыну) ауруының белгісі болуы мүмкін. Қосымша белгілеріне мыналар жатады: жұтына алмау, тамақ ауру, бас ауру, әлсіздік.

Ауыздан аммиактың иісіне ұқсас дем шықса, бұл бауыр ауруының белгісін білдіреді. Бауыр ақуызды сіңдіріп, одан шыққан газды өңдей алмай жатса, осындай иіс шығады. Бұл – кәдімгі газдың иісі.

Қосымша белгілеріне мыналар жатады: тәбет болмау, әлсіздік, іштің жоғарғы оң жағы қатты ауырады.

Егер ауыздан зәрдің дәміне ұқсас иіс шықса, бұл – циститтің белгісі болуы мүмкін. Циститтің инфекциясы бойға тарап кетсе, зәрдегі бактерияның иісі ауызға келеді де, сасық иіс содан шығады.

Қосымша белгілеріне мыналар жатады: дәрет шығару қиындайды, мүше маңайы дуылдап ауруы мүмкін.

Егер ауыздан ацетонның немесе кәдімгі саусақ бояйтын лактың өткір иісіне ұқсас дем сезілсе, бұл – диабеттің белгісі.

Қосымша белгісіне мыналар жатады: шөлдеу, дәретке жиі бару, бас ауру, әлсіздік.

Адамға тұмау не суық тисе, ауызынан жуылмаған шұлықтың иісіне ұқсас сасық иіс шығады. ОРВИ-дің вирустары ауыз қуысына, шырышты қабыққа жабысып алады да, сонда жатып шіриді. Иіс содан шығады.

Қосымша белгіге бас ауру, дене сырқырау, мұрын бітелу, тамақ ауру сынды белгілер жатады.

Егер ауыздан шіріген жеміс-жидектің иісіне ұқсас сасық иіс шықса, бұл – асқазан ауруының белгісі. Асқазан тамақ қорыта алмай, көп қышқыл бөліп жібергенде, осыған ұқсас иіс шығады.

Қосымша белгісіне мыналар жатады: асқазанның қыжылдауы, жоғарғы тұсы ауырады, құсу болуы мүмкін.  

Дәреттен жағымсыз иіс шықса: Себептері не?

Диабеттің алғашқы белгісін мойынға қарап білуге болады