Қандай адамдар күнге тез күйеді?

Күн сәулесі – бұл кәдімгі ультракүлгін сәуле. Адамның денесі ультракүлгін сәулені аса жақтыра бермейді. Күннің астында ұзақ жүріп қалсаңыз, терінің күйіп қалатыны содан.

Күнге күйген тері қызарып ашып, күлбіреп кетуі мүмкін. Әсіресе, қабақтың асты, мұрын үсті мен құлақ жақ, мойын жақ күйге қатты күйеді.

Әр адамның күнге күюі әртүрлі. Бәрі теріне байланысты. Мәселен, америка ғалымы Фицпатриктің айтуынша, ақ-сары, аққұба, күрең түсті адамдар күнге тез күйеді екен. Ондай адамдардың өне-бойы тез қызарып кетеді. Сондықтан мұндай жандардың далаға шығарда күннен қорғайтын май мен иісмай жағып алғаны абзал.

Құйқа да тез күюі мүмкін. Әсіресе, таз адамдардың күнге шыққанда абай болғаны дұрыс көрінеді.

Ал қараторы адамдар күнге тез күйе қоймайды.