Ыстықта теріден иіс шықпасын десеңіз, мына тағамдарды жемеңіз

Күн ыстықта жемеу керек тағамдар бар. Біріншіден, бұлар денеден иіс пен сасық тер шығарады, екіншіден, адамды терлетіп, ағзадағы су қорын азайтып, шөлдетуі, сусатуы мүмкін.

Бір тағамды адам қыста көп жеуі мүмкін, біреуін жазда жегенді жақсы көреді. Мәселен, жазда балмұздақ, суық сусын, квас, суық шәй, салқын көже дегендей. Бір қызығы біздің бұрынғы ата-бабаларымыз күн ыстықта суық орнынан керісінше, ыстық шәй ішкен. Орталық Азия мен Шығыс, Оңтүстік Азия халықтары да күн шыжып тұрғанда, ыстық шәй ішетін әдеті бар. Мұның өз заңдылығы бар көрінеді. Ағзаға ыстық сусын түскен кезде, ол ыстықты суыту үшін ағзаның өзі денені суытуға көшеді екен. Содан шөл қану, салқындау болады.

Ал денеден, теріден сасық иіс шықпау үшін мамандар «орамжапырақ, жұмыртқа, пияз ен сарымсақ (чеснок) жемеген  жөн» дейді.

Бұлардың құрамында көмірсутек көп. Ал көмірсутек сумен араласса, қатты сасып кетеді. Сондай-ақ жазда спирттік ішімдік ішуге де болмайды.

Жазда ең бастысы көбірек су ішу керек. Сонда жүрек, бүйрек және бауыр жұмысына салмақ түспейді.