Шайды кәмпит-пешенемен ішудің зияны бар ма?

Шайды кәмпит-пешенемен ішудің зияны бар ма?
Фото: mykaleidoscope.ru

Шайды кәмпит, пешене сынды тәтті-пәттімен жиі ішу әрі мұны әдетке айналдыру созылмалы инфекциялық ауруларға алып келуі мүмкін. Бәрі ішектегі зиянды бактериялардың көбейіп кетуінен болады.

Осылай дейді Ресей дәрігері, гастроэнтеролог Никита Харлов радиоға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, кәмпит, пешене мен тәтті нан (пирожное) – мұның бәрі қанты көп, тәтті тағамдар. Ал тәттінің қазір зиян екені бүкіл жерде айтылып жатыр.

"Адам жеген тәттіні ішекте жатқан бактериялар да жейді. Зиянды бактерияның негізгі азығы да – көмірсумен қаныққан тәттілер. Ал тәттімен қоректенген бактериялар көбейіп кетсе, созылмалы ауруларға әкеледі. Өйткені зиянды бактерия адамның иммунитетін түсіріп жібереді. Әсіресе, тонзиллит, бактерияның көбейіп кетуі сынды синдромға шалдығуы мүмкін", - деп түсіндіреді дәрігер.

Маманның тағы бір айтқан нәрсесі мынау – тәттіні көп жеген адамның қанында инсулин көбейіп кетеді де, ағзаның қантты сіңіру қабілеті нашарлайды. Ал бұл семіздік пен қант диабетіне әкеледі.

"Тәттімен шай ішуді әдетке айналдырған адам бір күні семіздікке шалдығады. Ағзада инсулин гормоны көбейіп кетсе, жасушаға май жинала береді. Одан бөлек, ағзаның инсулинді сезіну қабілеті де нашарлайды", - деп түсіндіреді дәрігер Харлов.

Тәтті жеудің тағы бір зияны – дәм рецепторларының тәттіге үйреніп қалатыны. Содан адам ыстық тамақ ішуден қалады.

"Ми тәттіні көре беріп, ең жақсы тағам осы екен деп бой үйретіп алады да, шынайы пайдалы тағамды тұтынудан қалады. Ал тәттіге үйреніп қалған рецепторларды «тәрбиелеу» үшін екі-үш ай уақыт кетуі мүмкін", - дейді  гастроэнтеролог.

Ал "шайды қалай ішу керек?" сауалға қазақстандық тағамтанушы Майгүл Қайнарбаеваның мына айтқаны жауап болмақ.

Оның айтуынша, шай тамақпен бірге ішуге болмайды, оны кейін бөлек отырып жеке ішу керек.

Қ. Слямбек