Қарбыздың сіз біле бермейтін 5 қаупі

Қарбыздың сіз біле бермейтін 5 қаупі
Фото: 4fact.ru

Жаз – нағыз қауын-қарбыз маусымы. Адамға пайдалы, ағзада жетіспей жүрген элементтердің орнын толтыруға жақсы көмектесетін көкөніс.

Десе де қарбыздан уланып қалуымыз, қандағы қант көтеріліп кетуі мүмкін. Ондай қаупін естен шығармауымыз керек. Одан бөлек те қауіптері бар екен. Соларға тоқталып көрейік.

Диарея мен іш өту

Қарбыз – нағыз ауыз су. Суы мол. Қарбызда сорбит қышқылы көп болады. Осы сорбит пен қарбыздың тәтті суы іш өттіруі, іш кептеруі, метеоризм тудыруы мүмкін. Сорбит ішек жұмысына салмақ салады.

Қант көбейтеді

Қарбыздың суы – тәтті, қантты. Ағзасында қант көп адамдардың, әсіресе, диабетке шалдыққан жандардың қарбызды аздап жегені жөн.

Қарбыз пайдалы жеміс болғанымен, гликемиялық көрсеткіші (қант көтеру көрсеткіші) жоғары келеді. Содан абай болыңыз.

Судан улану

Медицина судан улану – интоксикация, гидратация деген түсініктер бар. Адам көп су ішіп қойса, ағзасындағы натрий шайылып кетуі мүмкін. Міне, қарбызды көп жесе де, адам натрийден айырылып, судан улануы мүмкін.

Бауырдың қабынуы

Бұл жері енді ішімдік көп ішетін адамдарға қатысты. Ішімдікке әуес адамның қарбыз көп жемегені жөн. Өйткені қарбыздың ликопині алкогольмен араласып, бауырды қабындыруы мүмкін.

Калий көп

Қарбызда калий көп болады. Адамға өте пайдалы элементтердің бірі. Алайда ол көбейіп кетсе де, жақсы емес. Ағзада калий көбейіп кетсе, қан-жүрек жүйесіне ауырлық салуы мүмкін.

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қ. Слямбек