Күніне бір кесе каркаде ішкеннің пайдасы

Күніне бір кесе каркаде ішкеннің пайдасы
Фото: pixabay.com

Түріктер таңғы астан кейін бір ыстақан каркаде ішуді әдетке айналдырған. Дәрігерлердің айтуынша, бұл тегін емес, күніне бір кесе каркаде ішкеннің пайдасы бар көрінеді.

Каркаде дегеніміз – кәдімгі шәй, бөрітарақ деген гүлдің кептірілген шапырағы. Соны қайнатып суытып ішсеңіз, шөл қандырады әрі ағзаға пайдасын тигізеді.

Каркаденің құрамында калий, кальций, темір мен магний, селен сынды минералды заттар мен антиоксиданттар (қатерлі ісіктің алдын алушы) болады. Тағы да С мен В тобының дәрумендері бар.

Әсіресе, каркаденің қан қысымының алдын алуға әрі қан қысымын емдеуге көмегі көп көрінеді. Мұны зерттеулер дәлелдеген. Каркаде қан-жүрек жүйесінің жұмысын жақсартып, артериалды қан қысымын реттеуге септігін тигізеді.

Күніне бір ыстақан каркаде ішкеннің тағы бір пайдасы – шөптің қабынуға қарсы емдік қасиетінің барында. Ағзадан улы заттарды шығарып, тазалауға жақсы көмектесетін көрінеді.

Сондай-ақ, өттен сөл бөлінуді жақсартып, ағзадан артық сұйықты шығарып тастауға, зат алмасымды күшейтуге, ми жұмысын белсенді етуге көмектеседі.

Қ. Слямбек