Медицинада танымал түрлі синдромдар

Медицинада танымал түрлі синдромдар
Фото: wikipedia.org

Адам денесі әлі де толық зерттелмеген. Бір ғана генетикалық өзгеріс тұтас бір ұрпаққа әсер етеді. Бүгін медицинада белгілі болған түрлі синдромдармен таныстырамыз.

1. Балық иісі синдромы 
Медициналық атауы — триметиламинурия. Бұл тұқым қуалайды және зат алмасудың бұзылуымен түсіндіріледі. Ауру кезінде бауыр ақуыздың қорытылуына жауапты жанама өнім триметиламинді ыдыратуға қауқарсыз болады. Соның кесірінен денеде тер, зәр және ауа жиналып балық иісі шыға бастайды. 

Көбіне ауыратын адам үстінен шығатын иісті өзі сезбейді. Ауру ер адамдарға қарағанда әйел адамда көбірек кездеседі. Оның дамуына ауыз контрацептивтері мен жыныс гормоны прогестерон әсер етеді. Сонымен қатар, синдром гепатиттен кейін туындауы мүмкін. Синдромнан толық айығу мүмкін емес, бірақ иістен арнайы диета арқылы арылуға болады. 

2. Урбаха — Вите ауруы
Ең сирек кездесетін генетикалық ауру: әлемде осы уақытқа дейін 300-ге жуық жағдай тіркелген. Емделушілердің төрттен бір бөлігі Оңтүстік Африкада тұрады. Ауру кезінде мидың бадам тәрізді денесіне зақым келіп, адамда қорқыныш сезімі болмайды.  

Одан бөлек бұл дертке шалдыққандар денесінде тыртықтар, әжімдер болады. Алған жарақат асықпай жазылса, шырышты қабаттар мен тілде ірінді жарақаттар пайда болады. Кейде кенеттен қорқыныш сезімі пайда болып, бұрын оны сезініп көрмеген адам кенеттен тынысы тарыла бастайды. Сол себепті, дертке шалдыққан адамға ауа толы аппарат керек болады.

3. Адам жүзін танымау
Бұл аурудың медициналық атауы — прозопагнозия. Мидың төменгі шүйде бөлігі зақымданған жағдайда пайда болады. Дертке шалдыққан адам өзгелердің түр-әлпетін есте сақтай алмайды. Кейбір адам тіпті өзінің түрін ұмытып қалады. Ал кей адам ер адам мен әйел адамды ажырата алмайды.

Көп жағдайда бас жарақаты кезінде туындайды, бірақ туа бітті жағдайлар да кездеседі. Қартайған шақта да ауру дамуы мүмкін. Көбіне солақай адамдарда кездескен.

Т. Есқали