Дәрігер ұйықтауға көмектесетін тағамдарды атады

Дәрігер ұйықтауға көмектесетін тағамдарды атады
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Диетолог Роб Хобсон ұйықтауға көмектесетін тағамдарды атады. Бұл туралы Lenta жазды.

Маманның айтуынша, құрамында триптофан амин қышқылы бар тағамдар жақсы ұйықтауға ықпал етеді. Оларға сиыр еті, шошқа еті, қой еті, лосось немесе тунец сияқты майлы балықтар, бұршақ дақылдары, жұмыртқалар, банандар, соя бұршақтары, жаңғақтар, асқабақ немесе күнбағыс тұқымдары және т.б. жатады. Олардан дайындалған тағамдар жақсы ұйықтауға көмектеседі.

Алайда триптофанның өзі жеткіліксіз. Оның миға жетуі үшін Хобсон макарон, картоп немесе күріш сияқты көмірсулары бар тағамдарды жеуге кеңес берді.

"Бұл тағамдар инсулин деңгейін арттырады, бұл триптофанның сіңуіне бірнеше жолмен ықпал етеді. Атап айтқанда, бұл гормон миға әртүрлі заттарды тасымалдайтын жасушаларды алып жатқан басқа аминқышқылдарының деңгейін төмендетеді", - деді дәрігер.

Бұған дейін британдық дәрігер Радж Каран тез ұйықтауға, жақсы ұйықтауға және терең ұйқыға ықпал ететін 10-3-2-1 әдісі туралы айтқан. Маман кофені ұйықтар алдында 10 сағат бұрын ішпеуге кеңес береді. Оның айтуынша, кофеинді ағзадан шығаруға дәл осынша уақыт кетеді.

Т. Раушанұлы