Маусымдық аллергияны қалай емдеуге болады – маман жауабы

Маусымдық аллергияны қалай емдеуге болады – маман жауабы
Фото: air-academy.ru

Иммунолог-аллерголог Надежда Логина маусымдық аллергияны емдеу жолдары туралы айтып, ең танымал және тиімді екі әдіске тоқталды. Бұл туралы RT жазды.

Маманның айтуынша, аллергиямен күресуге болады, тек көктем уақытындағы гүлдеу кезеңінен тыс.

Иммунолог дәрігерлердің аллергияны емдеу әдісі ретінде иммунотерапияны қолданатынын түсіндірді. Ол екі жолмен жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда тозаңның шағын дозалары алты ай бойы аптасына екі рет науқастың тері астына енгізіледі.

"Екінші әдіс – аутолимфоцитотерапия, ол пациенттің қанының аз мөлшерінен бөлініп алынған өз иммундық жасушаларын пайдаланады. Емдеу мерзімі – бір ай, тұрақты иммунитет пайда болғанша аптасына екі рет инъекциялар жасалады", - деді Логина.

Аллергия белгісі жыл сайын пайда болып отырса, алдын ала дәрігерге жазылып, наурыз айында анализ тапсыруды бастған дұрыс. Дәрігер аллергенді анықтаған соң дәрілер жазып береді. Дәрілерді өздігінше ішпеңіз: жанама әсерлер болмас үшін дәріні тек дәрігер жазып бергені дұрыс.

Т. Раушанұлы