Музыкамен шұғылдану баланың миын жетілдіреді

Музыкамен шұғылдану баланың миын жетілдіреді
Фото: earsfingers.ru

Тіл үйренумен және музыкамен шұғылданатын баланың миы ерте жетіледі. Ал ересек адам ерте қартаюдан аулақ болады.

Осылай дейді АҚШ-тың Дьюк Университетінің ғалымдары.

Бала тіл үйренуге, музыканы игеруге тырысқанда, мидың когнитивті қоры құрылып, бір-бірімен байланысы күшейетін көрінеді. Содан нейропатия мен мидың қартаю сынды белгілер жойылады.

Ғалымдар диффузиялық тензорлық визуализация арқылы мидағы ақ заттың көлемі мен жүйке талшықтарының, мидың әртүрлі бөлігінің бір-бірімен ақпарат алмасу тұтастығын зерттеп көрген. Адам қартаюға бет алғанда мидағы ақ заттың тұтастығы төмендеп, когнитивті мүмкіндігі азая бастайды. Ал миында сенсомоторлы белсенділігі жоғалмаған адамның қартаюы да аз жүреді. Ойлау және когнитивті ойлау жүйесі жақсарады.

Нейробиологтар 20-67 жас аралығындағы сегіз музыканттың миын сканерден өткізген. Музыканттар күніне 3 сағатын музыкаға арнайды екен. Тексеріс барысында музыканттардың миындағы ақ заттың бір-бірімен байланысы және ориентациясын, оның көлемін көрсететін фракционды анизотропияның деңгейі жоғары болып шыққан. Бұл дегеніміз – мұндай адамдардың миының когнитивті қоры мол деген сөз. Когнитивті қор жас келген сайын азаятыны заңды. Алайда музыкамен белсенді айналысатын адамдардікі когнитивті қор азаюдың орнына, көбейіп отыратыны белгілі болды.

Содан музыкамен айналысу мен көп тілді үйрену адамның когнитивті функциясын жақсартып, ойлау қабілетін күшейтетіні анықталды.

Қ. Слямбек