Кардиолог темекі тастаудың күтпеген салдары туралы ескертті

Кардиолог темекі тастаудың күтпеген салдары туралы ескертті

Кардиолог Анна Кореневич темекіні тастаудың салдары туралы айтты. Темекі шегетін адам оны тастаса мынадай мәселелерге мән бергені жөн екен. Бұл туралы РИА Новости жазды.

YouTube арнасындағы темекіні тастап, қан қысымы мен тамыр соғуына байланысты проблемаларға тап болған көрерменнің сұрағына жауап бере отырып, дәрігер кейбір мәселелерді атап өтті. Қатты уайымшыл адам темекіге әуес болады. Себебі,і никотин бұл жағдайдан шығуға көмектеседі.

"Темекіні тастадыңыз, бірақ сізде оның орнын басатын басқа ештеңе жоқ. Сондықтан қысым артып мен жүрек соғысы жиілей бастайды. Өйткені, адреналин пайда болады, бірақ оны қалыпты жағдайға түсіретін ештеңе жоқ", - деп түсіндірді Кореневич.

Дәрігер мұндай жағдайда көп уайымдамай, сабырлық таныту керек екенін айтады. Спорт пен физикалық белсенділік темекі тастаған адамдарға көмектесе алады.

Сонымен қатар, дәрігер шылым шегуді күрт тоқтатудың ағзаға зияны жоқтығын, керісінше, бұл жаман әдетпен күресудің ең жақсы жолы екенін айтады.

Кореневич темекіні тастаған адамдар темекіні тастағаннан кейін бір жыл ішінде инфаркт пен инсульт қаупін айтарлықтай төмендететінін ескертті.

А. Оралқызы