Тәніңізді тыңдай білесіз бе?

Тәніңізді тыңдай білесіз бе?
Фото: mirelagilesyoga.ro

Адам өз тәнін тыңдай білген жөн. Өйткені тән – жанның сауыты. Тән ауырса, жан да ауырады.

Тән адамның бүкіл өміріне әсер етеді. Жұмысына, қоршаған ортамен байланысына, адамдармен қарым-қатынасына – бәріне ықпал етеді. Сондықтан өміріңіз жайлы болғанын қаласаңыз, тәніңізге бағына біліңіз.

Ендеше тән саулығының 5 ережесіне тоқталайық.

Бірінші ереже

Эмоцияны шығара біліңіз. Тұншықтыруға әсте болмайды. Елемей қалмаңыз. Эмоцияны тұншықтыру жан жарасына әкеледі.

Екінші ереже

Тәнді тыңдай біліңіз. Тәнге жайсыз нәрсені істеп қажет емес. Қатты ауыртпашылық салмаған абзал.

Үшінші ереже

Тәнді еркелете біліңіз. Тәнге рақат әкелетін істермен шұғылданыңыз. Мәселен, массажға бару, суға түсу, таза ауада серуендеу, би билеу, жүгіру – осының бәрі тәнге ләззат беретін істер. Ал бұл істердің сізге қайсысы ұнайды?

Төртінші ереже

Тәнге үнемі күтім жасаңыз. Ауырлық түсірмеуге, күш салмауға тырысыңыз. Үнемі денеге жаттығу жасап жүру – тәннің саулығына, ағзаның дұрыс жұмыс істеуінің басты кепілі.

Бесінші ереже

Тәнді немен қоректендіріп жүргеніңізге мән беріңіз. Ағзаға зиян келтіретін ас-ауқаттан бас тартқан жөн. Тәнді артық улауға болмайды.

Әдетте, адам ауыратын кезде алдымен тәні дабыл қағады. Ал оны елемей қою – үлкен аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Қ. Слямбек