Pfizer салдырған балаларда қандай жанама әсерлер болды?

Pfizer салдырған балаларда қандай жанама әсерлер болды?

Алматы қаласының №7 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрбол Жұмабеков Pfizer салдырған балаларда қандай жанама әсер байқалғанын айтты. Бұл туралы  Tengrinews.kz жазды. 

Дәрігердің сөзінше, екпе салдырған балалардың бәрі ерекше бақылауда болады. Себебі олар тәуекел тобында. 

"Екпе салдырғаннан кейін үш күннен соң жағдайын сұрап тұрамыз. Айтарлықтай жанама әсерлер болмады. Көбіне екпе салдырған жерде ауырсыну барын айтады, кейбірі дене қызуы көтерілгенін айтады. Бірақ бұл ДДСҰ бұған дейін айтқан жанама әсерлер", - деді Нұрбол Жұмабеков ӨКҚ брифингінде. 
 
Pfizer салдырған жүкті әйелдерде қандай жанама әсер болуы мүмкін?

Айта кетейік, 22 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Pfizer вакцинасын 27 554 адам салдырды. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Қазақстанда 20 381 жасөспірім, 2 499 жүкті әйел және 4 674 бала емізетін ана Pfizer вакцинасын салдырған.

Еске салайық, 10 қарашада Алматы әуежайына Qatar Airways әуекомпаниясының Pfizer вакцинасы бар борты қонған болатын. Жалпы 379 мың доза келді. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған.

Т. Раушанұлы