Адамға D витамині жетіспесе жүрек ауруына шалдығуы мүмкін

Адамға D витамині жетіспесе жүрек ауруына шалдығуы мүмкін
Фото: zdravpit.com

Адам ағзасында D дәруменінің жетіспеуі қан қысымы сынды жүрек ауруына әкеліп соғуы мүмкін.

Гипертонияның, яғни, қан қысымының жоғарылығы – өте қауіпті дерт. Мамандар қан қысымын адамды "білдірмей алатын" ауру деп санайды. Сондықтан бұл дерттің тұзағына түспес бұрын, одан қашудың амалдарын жасаған абзал.

Ал мамандардың айтуынша, қан қысымына шалдықпаудың негізгі жолы – дұрыс тамақтану мен физикалық жағынан белсенді болу (көбірек жүру, қимылдау, спортпен айналысу). Бірақ жаңа зерттеулерге сүйенсек, тағы бір маңызды нәрсені ұмытпауымыз керек екен. Ол – D дәруменінің деңгейі.

Cureus медициналық журналының сарапшылары D дәрумені мен жүрек ауруларының, соның ішінде қан қысымының арасында байланыстың барын, бірақ тікелей емес, жанама түрде әсер ететінін айтады.

Ағзада D дәруменінің жетіспеуі көптеген ауруларға әкелуі мүмкін. Сондықтан оның деңгейін біліп, дефицит туған жағдайда орнын қалпына келтіруге ұмтылған жөн.

Қыста адам ағзасында D дәруменінің деңгейі түсіп кететіні белгілі. Майлы балық, жұмыртқаның сарысы және етпен қоректеніп, дәруменнің орнын толықтыруға болады.

 

Қ. Слямбек